ХАБАРЛАНДЫРУ

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясы (анықтама телефоны: 8-702-313-25-27, e-mail: 7171493@prokuror.kz, Ақмола облысы, Целиноград ауданы, Қосшы ауылы, Республика көшесі, 16-үй, бос лауазымға орналасуға конкурс жариялайды.

  1. Құқық қорғау органдары академиясы Аппаратының Ұйымдастыру-бақылау басқармасының прокуроры, С-AGP-8 санаты, 1 бірлік.

Еңбек сіңірген жылдарына қарай лауазымдық жалақысы – 147 416  теңгеден 199 268 теңге дейін.

Функционалдық міндеттері: Құқықтық актілердің, оның ішінде Академия қызметіне қатысты құқықтық актілердің жобаларын әзірлеуге қатысады; Академия ректорының қатысуымен өтетін жедел кеңестерге материалдар дайындауды қамтамасыз етеді; Академия қызметін жариялау мәселелері бойынша БАҚ-қа күнделікті мониторинг жүргізеді; Академия қызметі туралы сыни жарияланымдарды анықтау мақсатында БАҚ-қа жүйелі мониторинг жүргізеді, оларға қатысты Академия тарапынан уақытылы және адекватты әрекет етуді қамтамасыз етеді; Ақпараттық саясат саласында Бас прокуратурамен тығыз байланысты қамтамасыз етеді; Имиджді жақсарту, оң қоғамдық пікір қалыптастыру, Академияның әлеуметтік рейтингісін арттыру бойынша іс-шараларды әзірлеуді және жүзеге асыруды қамтамасыз етеді; баспасөз ақпараттарын, мақалаларды, ақпараттық материалдарды (топиктер, құттықтау сөздері және т.б.) мемлекеттік және орыс тілдерінде әзірлейді; телевизиялық бағдарламаларды, пресс-конференцияларды және Академияның жауапты қызметкерлерінің қатысуымен өзге іс-шараларды әзірлейді және эфирге шығуын қамтамасыз етеді, сонымен қатар баспа және электронды БАҚ-та хабарламалар, баспасөз ақпараттары, мақалалар мен сұхбаттарды орналастырады; Саяси және әлеуметтік-экономикалық жағдай, Академия қызметі және құқық қорғау жүйесіндегі жалпы жағдай бойынша БАҚ дайджестін әзірлейді; БАҚ өкілдеріне аккредитация жасайды, ақпараттық іс-шаралар кезінде оларды қарсы алады, шығарып салады; Орталық және аймақтық БАҚ-пен, құқық қорғау органдары және серіктес ЖОО-мен өзара іс-қимылды жүзеге асырады; Академия сайтында және әлеуметтік желілердегі парақшаларында ақпаратты уақытылы жариялау мен оларды толықтыруды қамтамасыз етеді; Академияның құқықтық түсіндіру жұмысы туралы статистикалық есепті қалыптастыруға қатысады.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары (немесе жоғары оқудан кейінгі), нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін білімі; денсаулық жағдайы бойынша құқық қорғау органдарында қызмет өткеруге жарамдылығы; нақты лауазым бойынша функционалдық міндеттерін атқару үшін қажетті міндетті білімінің, икемінің және дағдысының болуы

Жұмыс тәжірибесі: мемлекеттік қызметте, не ғылыми және (немесе) педагогикалық қызметте, не осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін салаларда бір жылдан кем емес өтілінің болуы.

Конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар тапсырылады:

1) белгіленген нысандағы өтініш;

2) белгіленген нысандағы сауалнама;

3) нысан бойынша (тұрғылықты тұратын мекенжайы мен телефонын, оның ішінде байланыс телефонын көрсете отырып) толтырылған кадр есебі жөніндегі жеке іс парағы заполненный;

4) жақын туыстарын, оның ішінде бұрынғы ерлі-зайыптарын көрсете отырып, нысан бойынша толтырылған қолмен немесе басылып жазылған толық өмірбаяны;

5) Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың нотариалдық куәландырылған көшірмесі;

6) бiлiмi туралы құжаттардың нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi;

7) еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған көшiрмесi;

8) әскери билеттің немесе әскерге шақыру учаскесiне тiркелгені туралы куәліктің көшірмесі;

9) 3х4 үлгідегі (2 дана) сурет;

10) «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» 2015 жылғы                      18 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес азаматтың және оның жұбайының (зайыбының) табыстары мен мүліктері туралы декларацияны тұратын жері бойынша мемлекеттiк кiрiс органына табыс еткенін растайтын құжаттар;

11) конкурсқа қатысу үшін құжаттарды өткізу кезінде жарамды, шекті мәннен төмен емес қолданыстағы заңнаманы білуге арналған компьютерлік тестілеудің нәтижелері.

12) прокуратура органдарында қызмет өткеруге жарамдылығын анықтау үшін әскери-дәрігерлік комиссиялардан медициналық және психофизиологиялық куәландырудан, сондай-ақ полиграфологиялық зерттеуден өтудің және міндетті арнайы тексеріс қорытындылары;

13) құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі органдарының соттылығы жоқтығы, сот тәртібімен соңғы бір жылдың ішінде қасақана әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары үшін тәртіптік немесе әкімшілік жауапкершілікке тартылмағаны туралы анықтама;

14) соңғы жұмыс (оқу) орнынан мінездеме.

Азаматтар өзінің біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне және іскерлік қабілетіне қатысты (біліктілігін арттыру туралы, ғылыми (академиялық) дәреже мен атақтар беру туралы құжаттардың, мінездеменің, ұсыныстардың, ғылыми мақалалардың көшірмелері) қосымша ақпараттарды тапсыра алады.

Құжаттар конкурс өткізу туралы соңғы хабарландыру жарияланған күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде Ақмола облысы, Целиноград ауданы, Қосшы ауылы, Республика көшесі, 16-үй мекенжайы бойынша тапсырылуы керек.