Адам саудасына қарсы күрестегі ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың рөлі туралы

Шымкент қаласында Құқық қорғау органдары академиясы ұйымдастырған «Адам саудасына қарсы күрестегі ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың рөлі» атты тренинг өтті.

Тренинг көшпелі оқыту іс-шаралары топтамасында үшінші болып, құқық қорғау органдарының қызметкерлерін адам саудасының жаңа нысандары мен әдістерін тануға үйретуге бағытталған.

Бапкерлер ретінде құқық қорғау органдары Академиясының, ҚР ІІМ Қарағанды академиясының оқытушылары сөз сөйледі. Сондай-ақ, «Родник» қоғамдық қоры мен Алматы қаласындағы Адам саудасының құрбандарына арналған пананың басшылары қатысты.

Тренинг барысында адам саудасына қарсы іс-қимыл мәселелері, осы санаттағы қылмыстық істерді тергеу кезінде дәлелдеу, қылмыс құрбандарын сәйкестендіру, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалана отырып адам саудасы фактілерін анықтау мәселелері талқыланды.