Терроризмге қарсы қауіпсіздікті қамтамасыз етудің маңызды мәселелері туралы

Құқық қорғау органдары академиясында «Терроризмге қарсы қауіпсіздік» атты семинар-тренинг өтуде.

Оқытудың интерактивті форматы тыңдаушыларға радикалды көріністердің алдын алу мен жолын кесудің қажетті практикалық дағдыларын дарытуға бағытталған.

Оқыту шеңберінде терроризмге қарсы іс-қимылдың, терроризмге қарсы қауіпсіздікті қамтамасыз етудің нысандары мен әдістерін жетілдіру, азаматтар мен қоғамды әлеуетті қауіп-қатерлерден қорғаудың өзекті мәселелері қаралатын болады.

Оқытудың маңызды аспектісі алдауды анықтау, жеке тұлға мен психологияны зерттеу технологияларын, алдын алу шараларын әзірлеу үшін терроршылардың мінез-құлқының себептерін игеру болып табылады.

Тыңдаушылар алдында терроризмге қарсы іс-қимыл саласындағы белгілі шетелдік және отандық сарапшылар, сондай-ақ Профайлинг және нейролингвестикалық бағдарламалау сөз сөйлейді.