БАСПАСӨЗ-АНОНСЫ

Алматы қаласының прокуратурасында Құқық қорғау органдары академиясы ЕҚЫҰ-ның Нұр-сұлтан қаласындағы бағдарламалар офисімен бірлесіп ұйымдастырған «Қазақстан Республикасында браконьерлікке қарсы іс-қимыл» тақырыбында семинар-тренинг өтуде.

Жұмысқа табиғат қорғау прокурорлары мен полиция қызметкерлері, орман және аңшылық шаруашылығы субъектілерінің қоғамдық бірлестіктерінің, басқа да мүдделі мемлекеттік органдардың өкілдері, ғылыми қызметкерлер қатысады.

Тренингтерді Австралия мен Грузияның халықаралық сарапшылары, сондай-ақ қазақстандық мамандар мен құқық қорғау органдарының қызметкерлері өткізеді.

Іс-шара барысында браконьерлікке қарсы күрестің, табиғатты қорғау қызметін заңнамалық қамтамасыз етудің және отандық құқық қолдану тәжірибесінің тиімділігін арттырудың өзекті мәселелері қарастырылады.

Талқылау қорытындысы бойынша қылмыстық істер материалдары негізінде аумақтық инспекциялар қызметкерлерінің төтенше жағдайлар кезіндегі іс-қимыл алгоритмі пысықталатын болады.

Ағымдағы жылдың 13 қарашасындатренингтік жаттығу аясында Алматы мемлекеттік табиғи қорығына бару жоспарланып отыр, онда жануарлардың ерекше қорғалатын түрлерінің 57% – ы, оның ішінде қар барсы да бар.

Табиғат қорғау прокурорларынан, табиғатты қорғау полициясынан, Геология және табиғи ресурстар министрлігінің, Ерекше қорғалатын аумақтарды қорғау жөніндегі аумақтық инспекцияның өкілдерінен құралған құрама команда, аңшылар қауымдастығы және жергілікті жерлердегі халықаралық ұйымдар қорықшылардың жұмысымен танысады.

Сондай-ақ, қорықтың қызметкерлері ашық аспан астындағы мұражаймен танысады.

Нәтижесінде Алматы мемлекеттік табиғи қорығының аумағында браконьерлер қызметінің жолын кесу және жануарлардың сирек кездесетін және жойылып бара жатқан түрлерінің санын сақтау үшін фотокамералар-ұстағыштарды орнату жөніндегі пилоттық жобаны іске қосу жоспарлануда.

БАҚ өкілдері аталған іс-шараны жариялау үшін шақырылады.

Аккредиттелген журналисттерді 2019 жылы 13-қарашада сағат 8:50-де Гоголь көшесі 127 (Алматы қ.). мекенжайында мемлекеттік нөмірі 250 автобус күтеді. Қатысушылардың орнында түскі ас күтіп тұр. Сағат 14:00-де автобус жиналу орнына дейінапарып тастайды.

Аккредиттеуді 2019 жылғы 13 қараша сағат 10:00-ге дейін 8 702 482 05 95 телефоны немесе akairidenovna@gmail.com электронды поштасы арқылы өтуді сұраймыз.