Құқық қорғау органдары Академиясында «Кәсіпкерлердің құқықтарын және олардың заңды мүдделерін қорғауды күшейтудің өзекті мәселелері»тақырыбында Криминологиялық форум өтті.
Форум жұмысына Парламент депутаттары, Президент Әкімшілігінің, Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің, Жоғарғы Соттың, Мемлекеттік және құқық қорғау органдарының, «Атамекен»Ұлттық Кәсіпкерлер палатасының, жоғары оқу орындарының өкілдері, ғалымдар қатысты.
Отырыс бизнес пен мемлекеттің өзара іс-қимылының, қылмыстық-құқықтық саладағы кәсіпкерлікті қорғаудың өзекті мәселелеріне, сондай-ақ Академияның осы бағыттағы ғылыми-зерттеу қызметінің нәтижелерін талқылауға арналды.
Форумға қатысушылар атап өткендей, мемлекет әрдайым адал және заңға мойынсұнушы кәсіпкерлердің құқығын қорғауы тиіс. Сондықтан бизнес субъектілерін құқықтық қорғауды күшейту өзекті міндеттердің бірі болып қалуда.
Елбасы ағымдағы жылғы 2 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауында лауазымды тұлғалардың кәсіпкерлік қызметке заңсыз араласқаны үшін қылмыстық жауапкершілікті қатаңдату қажеттігін атап өтті.
Қылмыстық қол сұғушылықтың қоғамдық қауіптілігі көптеген жағымсыз салдарға, ең алдымен, азаматтардың билік органдарына сенімсіздігіне және беделін түсіруіне байланысты.
Сонымен қатар, осы санаттағы қылмыстар жоғары латенттілік пен сыбайлас жемқорлық сипатымен сипатталады, сондықтан мақсатты қылмыстық-құқықтық және басқа да алдын алу шараларын әзірлеуді талап етеді.
Талқылау қорытындысы бойынша кәсіпкерлік ахуалды жақсартуға, бизнесті қорғау саласындағы заңдылықты қамтамасыз етуге, кәсіпкерлік бастаманы дамыту үшін тиісті жағдайлар жасауға бағытталған ұсынымдар кешені әзірленді.
Атап айтқанда, адал кәсіпкерлердің жұмысына заңсыз араласу фактілері бойынша криминалдық ахуалға, мемлекеттік органдардың оларды қолдау және қорғау жөніндегі жұмысының тиімділігіне шынайы және объективті баға беру қажет деп танылды. Сондай-ақ, қылмыстық саясатты жетілдірудің және осы саладағы қылмыстың алдын алудың маңыздылығы атап өтілді.
Ұсыныстар мүдделі мемлекеттік органдар мен ғылыми-білім беру мекемелеріне жіберілетін болады.