Академияда Экономикалық тергеу қызметінің компьютерлік технологиялар саласындағы мамандар үшін біліктілікті арттырудың апталық курстары аяқталды.
Оқытудың өзектілігі қазіргі әлемдегі компьютерлік технологиялар рөлінің өсуімен және соның салдарынан – осы бағыттағы жұмыстың тиімділігін арттыру қажеттілігімен байланысты.
Жаңа қылмыстық заңнама бойынша маманның қорытындысы сотқа дейінгі іс жүргізудегі дәлелдемелердің бірі деп танылды.
Орталық аппаратпен бірге компьютерлік-техникалық зерттеулер жүргізу саласында кәсіби білім мен арнайы дағдыларды жетілдіруге бағытталған білім беру бағдарламасы әзірленді.
Курс бағдарламасына дәлелдерді жинау және зерттеу, соның ішінде ғылыми-техникалық құралдар мен әдістерді қолдана отырып, тәжірибелік сұрақтар енгізілген.
Дәріскер ретінде экономикалық тергеу қызметі мен Әділет министрлігінің тәжірибелі қызметкерлері сөз сөйледі.
Тренинг аяқталғаннан кейін дөңгелек үстел өтті, онда күннің өзекті мәселелері талқыланды.