Әріптестік қарым-қатынас нығайтылуда

Құқық қорғау органдары академиясы мен Мемлекеттік күзет қызметі арасында ынтымақтастық туралы Меморандум жасалды.

Өзара іс-қимылдың басты бағыттары құқық қорғау және арнайы мемлекеттік органдардың қызметкерлерін даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру бойынша іс-шаралар өткізу, сондай-ақ бірлескен зерттеу жобаларын іске асыру болып белгіленді.

Келісімге қол қоюдың маңыздылығын атап өтіп, тараптар өзара іс-қимыл саласын дамыту мен кеңейтуге, белгіленген уағдаластықтарды табысты іске асыруға мүдделілік білдірді.