Праздник здоровья и молодости

«Әлеуметтік жобалар мектебі» бағдарламасы мен Құқық қорғау органдары академиясы өткізетін волонтерлік жұмыс шеңберінде Нұр-Сұлтан қ. жасөспірімдер үйінің (Киндердорф) тәрбиеленушілері, Astana International University студенттері,Академияның магистранттары мен профессорлық-оқытушылық құрамы арасында волейболдан жолдастық турнир өтті.

Кездесудің басты мақсаты-жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды қолдау, спортты және салауатты өмір салтын насихаттау.

Алаңда жоғары спорттық құмарлық және ерекше атмосфера орын алып, жанкүйерлер өз топтарын белсенді қолдады.

Матчтан кейін спортшылар бір-біріне денсаулық, күш пен ептілік мерекесі үшін, қуат пен жағымды эмоциялар үшін алғыс айтты.

Қатысушылардың пікірінше, мұндай жолдастық кездесулер жақсы дәстүрге айналады.Олар тәрбиелеу, ұжымшылдық рухын қолдау,ұйымшылдық пен кәсіби қауымдастықтың бірлігін сақтаудың маңызды факторы болып табылады.