Кісі өлтірудің криминологиялық сипаттамасы және профилактикасы: болжамның қазіргі жағдайы

Авторлық ұжым: Жумагали А.Ж., Карипова А.Т., Иманғалиев Н.К., Абишева А. К., Омаров Е.А., Бакимбаева А.Ж., Қазбекова А.Б., Сердалинов К.М., Сағымбеков Б.Ж., Шахарбаева Э.Ж., Аймухамбетова К.М. // жалпы ред. Ахметзакирова Н.Р., – Астана: ҚР БП жанындағы Құқық қорғау органдары академиясы, 2017.

Жұмыста Қазақстан Республикасындағы адам өлтіру жағдайы мен детерминанттарының талдауы ұсынылған. Кісі өлтіру көрсеткіші төмен елдердің шетелдік тәжірибесі зерттелді.

Қазіргі заманғы қазақстандық кісі өлтірушінің портреті жасалды. Адам өлтіру деңгейін азайтуға, құқық қорғау органдарының құқық қолдану практикасын және ведомствоаралық өзара іс-қимылды жетілдіруге бағытталған ұсынымдар әзірленді.

Басылым құқық қорғау органдарының талдау бөлімшелерінің қызметкерлеріне, ғылыми қызметкерлерге, сондай-ақ жоғары оқу орындарының оқытушыларына, магистранттары мен докторанттарына, оның ішінде ведомстволық қызметкерлерге арналған.