Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясында Әлібек Болатұлы Байғалиевтің «6D030100 – Заңтану» мамандығы бойынша философия докторы (PhD) ғылыми дәрежесіне ізденуге арналған «Деонтологические основы правоохранительной деятельности прокуратуры Республики Казахстан» тақырыбындағы диссертация қорғалады.
Диссертация Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының арнайы заң пәндер кафедрасында орындалды.
Қорғау тілі — орысша.
Рецензенттер:
1. Абдрасулов Ермек Баяхметұлы — заң ғылымдарының докторы, профессор, ҚР Жоғарғы Сотының жанындағы Сот төрелігі академиясы Судьялар мен сот жүйесі қызметінің қызметкерлерін қайта даярлау және біліктілігін арттыру институтының директоры;
2. Мұхаметқалиев Нұркен Жанболатұлы — заң ғылымдарының кандидаты, Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Экономикалық тергеу қызметі Салық және кеден саласындағы құқық бұзушылықтарды тергеу басқармасының бөлім бастығы.
Ғылыми кеңесшілер:
1. Молдабаев Сарқытбек Сәрсембайұлы — заң ғылымдарының докторы, профессор, ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Алматы облысы бойынша филиалының профессоры;
2. Бегалиев Ернар Нұрланұлы – ҚР заң ғылымдарының докторы, заң ғылымдарының кандидаты, доцент, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының Арнайы заң пәндері кафедрасының профессоры;
3. Бидильдаева Гулипа Атабековна — заң ғылымдарының докторы, профессор, Ресейдің бірінші Президенті Б. Ельцин атындағы Қырғыз-Ресей Славян университеті заң факультетінің халықаралық және конституциялық құқық кафедрасының профессоры, Қырғызстан Республикасының азаматшасы.
Қорғау 2018 жылғы «20» қазанда сағат 13.00-де Қазақстан Республикасы, Ақмола облысы, Целиноград ауданы, Косшы ауылы, Республика көшесі, 16 мекен жайы бойынша Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының «6D030100 – Заңтану» мамандығы бойынша диссертациялық кеңесінде өтеді.
Адрес сайта: academy-gp.kz