Ғылыми кеңестің отырысы туралы

Бүгін Құқық қорғау органдары академиясы Ғылыми кеңесінің отырысында ғылыми-білім беру қызметінің өзекті мәселелері қаралды.

Күн тәртібіндегі негізгі тақырыптар қатарында Академияда тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру және тілдерді дамыту, қоғамдық қауіпсіздік пен қылмыстылықты болжаудың өзекті проблемалары бойынша ғылыми зерттеулер өткізу мәселелері.

Сонымен қатар Академияның 2018-2022 жылдарға арналған Даму стратегиясын жүзеге асыру бойынша іс-шаралар жоспары талқыланды, Академияның Миссиясы мен Көрінісін анықтау байқауының нәтижелері қорытындыланды.

Жиналысқа қатысушылар Академия түлектері қатарынан «Заңтану» мамандығы бойынша ғылыми диссертацияларын қорғап шыққан екі PhD докторын құттықтады. Академия басшысы Наиль Аxметзакиров әріптестерін қуанышты оқиғамен құттықтап, ғалымдардың заң ғылымының дамуына қосқан үлестерін атап өтті.

Ғылыми кеңес ағымдағы жылдың 16 қарашасында өткен «Қазақстан Республикасындағы қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қылмысқа қарсы іс-қимылдың өзекті мәселелері» атты xалықаралық ғылыми-құқықтық конференцияның материалдар жинағын басып шығаруға ұсынды.