Ғылыми кеңестің отырысы туралы

2018 жылдың 28 тамызында Құқық қорғау органдары Академиясы Ғылыми кееңесінің кезекті отырысы өтті.

Ғылыми кеңес отырысында Академияның «Құқықтану» және «Құқық қорғау қызметі» мамандықтары бойынша магистранттар мен докторанттардың академиялық күнтізбесі, 2018 жылғы жинақ үшін оқу жұмыс жоспарлары, профессорлық-оқытушылық құрамның оқу жүктемесі және Мемлекеттік аттестациялық комиссиясы төрағаларының есептері бекітілді.

Сонымен қатар баспаға шығаруға ұсынылды: Академияның авторлық ұжымымен дайындалған «Өлім жазасын қолдану аясын біртіндеп тарылту туралы» әдістемелік ұсынымдар; «Жемқорлық және экономикалық қылмыстарға штраф және мүлкін тәркілеу түріндегі жазаларды қолданудың жетілдіру мәселелері» монографиясы (Авторы – Кумарбеккызы Ж.); «Қазақстан Республикасында сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысындағы құқықтық көмек» монографиясы (Авторы – Омаров Е.А.); «Қазақстан Республикасы қылмыстық заңнамасындағы жемқорлыққа қарсы конвенцияның имплементация мәселелері» монографиясы (Авторы – Мамитова Ж. А.); SPSS пакеті көмегімен дискриминанттық талдау негізінде жеке қылмыстық мінез-құлықын болжау әдістемесі; Қылмыстық статистика мен пробациялық бақылаудың «аномальды» көрсеткіштерін анықтау бойынша әдістеме; Жолдауларды қарастыру аясындағы ситуацияларды талдау әдістемесі; «Криминологиялық болжау арқылы қылмысты алдын-алу (Батыс-Қазақстан облысы мысалында)» шолу; «Қостанай облысындағы қылмысты сыни сандық-сапалық талдау» шолу; «Қоғамдағы құқықбұзушылыққа «нөлдік шыдамдылықты» қалыптастыру мәселелері» ғылыми-тәжірибелік құрал; «Кәмелетке толмағандар арасындағы қылмысты алдын-алу және ескертудің өзекті мәселелері» ғылыми-тәжірибелік құрал.