Ғылыми кеңестің отырысы туралы

2018 жылдың 28 қарашасында Құқық қорғау органдары Академиясы Ғылыми кеңесінің кезекті отырысы өтті.

Ғылыми кеңес отырысында Академияның ақпараттық-коммуникациялық жүйелерін дамыту және сүйемелдеу бойынша Бөлім бастығы М.Б. Садыковтың «Академияға ақпараттық технологияларды енгізу туралы: жағдайы және перспективалары» атты және редакциялық-баспа жұмысы Бөлімінің бастығы С.Т. Кенжебаеваның «Академия кітапхана қорының жағдайы туралы. Академия кітапханасының дамуы бойынша жұмыстарының нәтижесі туралы» атты баяндамасы тыңдалынды. Баяндамашыларға осы бағыттағы жұмысты жалғастыру тапсырылды.