2018 жылдың 26 желтоқсанында Құқық қорғау органдары Академиясы Ғылыми кеңесінің кезекті отырысы өтті.
Ғылыми кеңес отырысында 2019 жылға оқу жоспары, оқу бағдарламалары және Академияның кәсіби деңгейін жоғарылату Институтының жоспар-кестесі бекітілді, соңғы курстарға 2018-2019 оқу жылдарының қорытынды аттестациясына енгізілетін пәндер тізімі қарастырылды және курстан курсқа көшіру үшін минималды көшіру балының өлшемі орнатылды.
Бөлімше жетекшілерінің «Академияның қаржылық-шаруашылық қызметі туралы» және «Дистанционды оқытуды енгізу және ұйымдастыру бойынша жұмыстардың нәтижесі туралы» атты баяндамалары тыңдалынды.
Сонымен қатар, озық отандық және шет елдік тәжірибелерді ескере отырып, Академияның ғылыми-білім беру қызметінің мониторингі мен бағалау индикаторлары анықталды.