Ғылыми кеңестің отырысы туралы

Бүгін өткен Құқық қорғау органдары Академиясы Ғылыми кеңесінің кезекті отырысында ғылыми-білім беру қызметінің өзекті мәселелері қарастырылды.

Кеңес шешімімен докторанттардың кешенді емтихандарының нәтижелері туралы Мемлекеттік аттестациялау комиссиясының есебі, сонымен қатар «Құқықтану» және «Құқық қорғау қызметі» мамандықтары бойынша үлгілік оқыту жоспарларының жобалары мақұлданды. Профессорлық-оқытушылық құрамның жүктемесі бекітілді.

Сонымен қатар отырысқа қатысушылар Академия қызметкерлерімен және авторлық ұжыммен дайындалған, құқық қорғау қызметінің өзекті мәселелері бойынша бірқатар оқу құралдарын баспаға шығаруды ұсынды.