2019 жылдың 28 наурызында Құқық қорғау органдары академиясы Ғылыми кеңесінің кезекті отырысы өтті.
Ғылыми кеңес отырысында Академияның Халықаралық ынтымақтастық басқармасының бастығы Д.А. Рыскуловтың «Академияның халықаралық қызметі және оның перспективалары туралы» есебі тыңдалынды және 2019-2023 жылдарға арналған Академияның Даму стратегиясын және оны жүзеге асыру бойынша іс-шаралар жоспары бекітілді.
Сонымен қатар «Құқықты қорғау стандарттарын нығайту» және «Құқық қорғау қызметінің ашықтығын күшейту және Қазақстанда электронды сотөңдірісін енгізу» тақырыбында Криминологиялық форумдарының материалдар жинағы, Ө.С. Сейітовтің 95 жылдығына арналған «Прокурорлық қадағалау: тарихы, бүгінгі жағдайы және даму перспективалары» халықаралық ғылыми-практикалық конференциясының материалдар жинағы, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» ҚР заңына түсініктеме, «Әскери қылмыстық құқық бұзушылықтар» оқу құралы (авторлары – Е.С. Мерзадинов, Е.Е. Каженов), «Арнаулы құқықтық пәндерді (қылмыстық процесс, криминалистика, криминология) оқыту кезінде және құқық қолдану қызметінде инновациялық технологияларды қолдану» оқу-әдістемелік құралы (Авторы – Р.А. Медиев) баспаға шығаруға ұсынылды.