Құқық қорғау органдары академиясы Ғылыми кеңесінің кезекті отырысында ғылыми-білім беру қызметінің өзекті мәселелері қаралды.
Күн тәртібінің басты тақырыбы Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру институтының магистратура мен докторантураға қабылдау науқанын ұйымдастыру туралы ақпаратын талқылау болды.
Сондай-ақ, кеңеске қатысушылар қылмыстық және қылмыстық іс жүргізу заңнамасын жетілдіру, экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, мұнай және мұнай өнімдерінің айналымы саласындағы қылмыстық құқық бұзушылықтарды тергеу мәселелері бойынша академияның ғалымдары мен авторлық ұжымдары дайындаған бірқатар ғылыми еңбектер мен оқу құралдарын басып шығаруға ұсынды.