Академия Ғылыми кеңесінің отырысы

2019 жылдың 30 мамырында Құқық қорғау органдары академиясының Ғылыми кеңесінің кезекті отырысы өтті.

Отырыста Академияның Оқу-әдістемелік кеңесі және Магистранттар мен докторанттарының кеңесінің қызметі туралы есептері тыңдалды.

Отырыстың басты мәселесі – еуропалық жоғары білім беру саласындағы жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру сапасын қамтамасыз ету үшін халықаралық стандарттар мен нұсқаулықтар негізінде сапалы ғылыми және білім беру қызметі саласындағы ұйымның негізгі бағыттары мен міндеттерін қамтитын Ғылыми және білім беру қызметінің ішкі сапа кепілдігі саласындағы саясатты бекіту болды.

Сондай-ақ, «Іс тергеу үлгісінің стандарты» оқу және тәжірибелік құрал сызбаларда (авторлар: В.В. Хан, А.Ж. Жұмағали, Б.Г. Музамедьярова, М.Г. Мұқашев) басылымға ұсынылды.