2019 жылдың 27 маусымда Құқық қорғау органдары академиясының Ғылыми кеңесінің қорытынды отырысы өтті.
Отырыста Мемлекеттік аттестациялық комиссиясы төрағаларының есептері, түсу емтихандарының бағдарламалары, оқу жоспарлары мен академиялық күнтізбесі бекітілді.
Сондай-ақ, курстан курстқа көшу үшін төменгі көшу балы мен Академияға қабылдау үшін шекті балы белгіленді.
Академияның ғылыми және білім беру қызметіне мониторинг жүргізу және оның сапасын бағалау нәтижелері мен 2018-2019 оқу жылындағы Академияның Ғылыми кеңесі өткізген отырыстар мен шешімдерін орындау туралы есебі тындалды.
Әр түрлі сұрақтарда, Қазақстан Республикасы прокуратурасының ардагері С.Ғ. Темірболатовқа «Құрметті профессор» атағы беру шешім қабылданды және «Шет мемлекеттеріндегі прокуратура» (автор-құрастырушылар: М.К. Адильханов, А.Т. Ахметов, З.Н. Аюпова, А.А. Баймаханов, Е.Н. Бегалиев, К.А. Беков, Е.С. Ермеков, Ж.А. Құранбек, А.Н. Раев), «Әскери қылмыстық құқық бұзушылықтар» (мемлекеттік тілде) (авторлар: Е.С. Мерзадинов, Е.Е. Каженов) оқу құралдары басылымға ұсынылды.