2019 жылдың 24 қазанда Академия Ғылыми кеңесінің кезекті отырысы өтті.
Отырыста 2019-2020 оқу жылына арналған Ғылыми кеңестің жұмыс жоспары, 2019 жылғы бейінді жинақ бағыттағы магистранттардың ғылыми жетекшілер мен зерттеу тақырыптары бекітілді.
Әр түрлі сұрақтарда, «Қоғамдық қауіптілік деңгейіне және басқа да критерийлерге негізделген қылмыстар, қылмыстық теріс қылық және әкімшілік құқық бұзушылықтарды анықтау мен ара жігін ажырату бойынша ғылыми-құқықтық тәсілдерді әзірлеу мәселелері» тақырыбындағы Криминологиялық форумның Материалдар жинағы; «Қалай келіс сөз жүргізу қажет. Практиктердің кеңесі» атты практикалық басшылық құралы (құрастырушылар: Е.С. Мерзадинов, Kranker Vitaly (Израиль), С.М. Сабыржанов, Р.Б. Смагулов, Е.С. Бердибеков, Е.С. Турмагамбетов, Т.А. Алибаев, М.К. Калиакпаров, Б.Б. Бельгибаев, У.К. Жанатаева); «Қылмыстық жауапкершіліктің проблемалары» атты монография (авторы Р.Р. Нугманов); «Қазақстан Республикасының қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде терроризмге қарсы іс-қимылдың қылмыстық-құқықтық, пенитенциарлық және криминологиялық шаралары» атты оқу құралы (авторлар: Ш.Ш. Шаяхметов, О.Б. Филипец, А.М. Алибекова); «Ғылыми зерттеуді ұйымдастыру» практикум (мемлекеттік тілде) (авторлар: Б.Р. Есимсейтов, З.Ж. Калмурзина); «Қазақстан Республикасының «жасыл экономикаға» өту жағдайындағы құқық қорғау органдарымен экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің проблемалары» атты монография (авторлар: С.Д. Бекишева, Е. Ануар, Д.Б. Багисов, Г.Д. Бекбасова, Д.А. Даулетияров, А.С. Джаксыбаев, Д.Г. Добрецов, Д.Д. Сулеймен, А.Н.Ускембаев, Ж.А. Шайхудинова) басылымға ұсынылды.