Академия Ғылыми кеңесінің отырысы

2019 жылдың 28 қарашасында Академия Ғылыми кеңесінің кезекті отырысы өтті.

Отырыста Академияға қашықтықтан оқыту және ақпараттық технологияларды енгізу бойынша жұмыстардың нәтижесі туралы есебі тыңдалды, Академияның Құрмет тақтасына қойылатын қызметкерлердің, қызметшілердің және білім алушылардың тізімі мақұлданды.

Әр түрлі мәселелерді қарау барысында «Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарында әкімшілік заңнаманың қолданылу проблемалары» атты оқу-әдістемелік құралы (авторлар: С.М. Сапаралиева, А.Т. Завотпаева), «Шетел мемлекеттеріндегі прокуратура» атты оқу құралы (құрастырушы-авторлар ұжымы), «Айыптау актісін жасаумен сотқа дейінгі тергеудің аяқталуы» атты әдістемелік нұсқаулықтары (авторы А.А. Секішев) басылымға ұсынылды.