2019 жылды 26 желтоқсанда Академия Ғылыми кеңесінің кезекті отырысы өтті.
Отырыста 2019 жылы қабылданған магистранттар мен докторанттардың диссертациялық зерттеулерінің тақырыптары тыңдалып, мақұлданды және олардың ғылыми жетекшілері бекітілді. Ғылыми кеңестің барлық мүшелері «Құқықтану» мамандығы бойынша з.ғ.д., профессор М.С. Башимовтың және з.ғ.д., профессор А.Ш. Ещановтың кандидатураларын қолдады. Сондай-ақ, 2019-2020 оқу жылдарындағы магистратура және докторантура білім алушыларының қорытынды аттестаттауына шығарылатын пәндер бекітілді.
Әртүрлі мәселелер қаралғанда «2020 жылға арналған «Құқық қорғау органдары академиясының Жаршысы» ғылыми журналының имиджін арттыру туралы іс-шаралар жоспары бекітілді, сонымен қатар Академия қызметкерлеріне ғылыми атақтар беру туралы материалдарды ҚР Білім және ғылым министрлігіне дайындау, қарастыру және жолдау процедуралары регламенттелді.
Сонымен қатар, Академия қызметкерлерінің келесі оқу-әдістемелік және ғылыми басылымдары жариялануға мақұлданды: «Кәсіпкерлердің құқықтарын және олардың заңды мүдделерін қорғауды күшейтудің өзекті мәселелері» атты криминологиялық форум материалдарының жинағы (құрастырушылар: Н.С. Алпысов, Б.Ж. Сағымбеков, Ж.Р. Сарпеков); «Прокуратура туралы» ҚР заңына түсініктеме (авторлық ұжым); «Қылмыстық табыстарды легализациялауға және терроризмді қаржыландыруға қарсы практика» оқу құралы (авторы Р.Р. Нұғманов); Дебиторлық қарызды және мүліктік құқықты өндіріп алуға жүгіну бойынша әдістемелік ұсынымдар (авторлар: Е.Т. Оралбек, А.Е. Алибеков, А.Х. Аубакиров); «Жазаны тағайындау» практикалық ұсыныстар (авторы Д.Х. Найманова); «Террорризмді және экстремизмді қаржыландыруға қарсы әрекет етудің құқықтық негіздері» монографиясы (авторы Д.Б. Байсағатова); Жергілікті полиция қызметінің қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстарды пайдалану саласындағы әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша өндірісті жүзеге асыру жөніндегі әдістемелік ұсынымдар (авторлар: С.Д. Бекішева, А.М. Шакиева); Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің «Заңсыз аң аулау» 337-бабында көзделген экологиялық қылмыстық құқық бұзушылықтарды тергеу бойынша әдістемелік ұсынымдар (авторлар: С.Д. Бекішева, С.Т. Жумакаев, А.Б. Имангалиев).