Академия Ғылыми кеңесінің отырысы

2020 жылдың 26 ақпанда Академия Ғылыми кеңесінің кезекті отырысы өтті.

Отырыста Академия Диссертациялық кеңесінің жұмыс жағдайы мен перспективалары туралы есеп тыңдалды, Академияның ақылы қызметтерін іске асырудан түскен қаржыларды жұмсау туралы мәселе қарастырылды, сондай-ақ «Заң және Заман» журналы туралы Ережесі, «Құқық қорғау органдары академиясының Жаршысы» ғылыми журналы мен «Заң және Заман» журналын тарату тізімдері бекітілді.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министірлігінің Білім және ғылым саласында сапаны қамтамасыз ету комитетіне Академияның Кәсіби біліктілік деңгейін арттыру институтының Жаһандық қауіпке қарысы іс-қимыл саласындағы халықаралық оқу кафедрасының доценті, заң ғылымдарының кандидаты Ж.С. Сейтаева мен Академияның Құқық қорғау жүйесі жетілдіру мәселелерін зерттеу орталығының бас ғылыми қызметкері, заң ғылымдарының кандидаты Н.К. Иманғалиевқа қауымдастырылған профессор (доцент) ғылыми атақтарын беру туралы өтініш жіберу шешімі қабылданды.

Сондай-ақ Академия қызметкерлерінің ғылыми және оқу еңбектері жариялауға ұсынылды: «Неприкосновенность частной жизни» атты монография (авторлар: М.И. Шереметьев, С.А. Жижис, Н. Ергалиева); «Уголовные проступки в системе правонарушений Республики Казахстан: теоретические, правовые и организационные аспекты» атты монография (авторлар: Е. Ануар, Д.К. Каиржанова, Д.Д. Сулеймен); «Правовые, организационные и научно-методические основы судебной экспертизы» атты оқулық (авторлар: С.Ф. Бычкова, К.К. Сейтенов); «Симуляционное обучение в практической подготовке сотрудников правоохранительных органов» атты оқу-практикалық құрал (авторлар: Ж.С. Сейтаева, Р.С. Балашов).