Нұрғали Дәулетұлы Білісбеков

Соңғы лауазымы: ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары

Туған жылы: 20.12.1962

Туған жері: ҚазССР; Шымкент қаласы

Отбасы жағдайы, туыстық байланыстар:

  • Әйелі: Білісбекова Шолпан Нұрқадырқызы
  • Балалары: қыздары-Алтынай, Жамиля; ұлдары-Айбек, Нұрбек

Тілдерді білуі:

  • Қазақ, орыс, ағылшын

Білімі, мамандығы (біліктілігі), лицензиялары:

Қазақ химия-технологиялық институты (1985), Инженер-механик

КСРО Мемлекеттік қауіпсіздік комитетінің жоғары курстары (Минск, 1989-1991)

Қазақ гуманитарлық заң университеті (2005), Біліктілігі «заңгер», мамандығы « Құқықтану»

Еңбек өтілі:

  • КСРО сауда министрлігінің «КазНИИгипроторг» институтының инженері (1985-1988));
  • Қазақстан Жастар Ленин Коммунистік Одағының Кеңес аудандық комитетінің хатшысы (1988-1989);
  • Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік органдарының қызметкері (1991-2000);
  • Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің экономикалық қауіпсіздік мәселелері жөніндегі бөлімінің бас сарапшысы (2000-2001);
  • Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Экономикалық қауіпсіздік департаменті бастығының бірінші орынбасары, бастығы (06.2001-11.2007);
  • Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары (28.11.2007 ж.);
  • Алматы қаласы бойынша Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаменті бастығының міндетін атқарушы (11.2009-12.2009 ж.);
  • Алматы қаласы бойынша Ұлттық қауіпсіздік комитетінің департамент бастығы (01.2010-03.2013);
  • Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары (03.2013 ж. бастап)

Мемлекеттік және халықаралық наградалар, сыйлықтар, құрметті атақтар:

  • 2-дәрежелі «Даңқ» ордені (2008);
  • 2 медаль;
  • Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Құрметті қызметкері; Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының «Құрметті профессоры»

Әскери қызмет, әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер:

  • Генерал-майор (04.05.2006);
  • Ұлттық қауіпсіздік Генерал-лейтенанты (03.05.2018)