Соңғы лауазымы: Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы
Туған күні: 04.07.1957
Туған жері: ҚазССР; Алматы облысы; Қаскелең ауданы; Красный Восток кенті (қазір — Ақжар)
Отбасы жағдайы, туыстық байланыстары:
- Әйелі: Шпекбаева Гульнар Маликбаевна (1961 ж. т.)
- Балалары: ұлдары — Дамир (1988 ж. т.), Ербол (1989 ж. т.), қызы — Жанна (1986 ж. т.)
Тілдерді білуі: Қазақ, орыс тілдері
Мамандығы (біліктілігі), лицензиялары:
- КСРО ІІМ Шымкент арнайы орта милиция мектебі (1980)
- КСРО ІІМ Қарағанды жоғары мектебі (1987)
- РФ ІІМ Академиясы (1991-1992)
Заңгер
Ғылыми қызметі, атағы:
- Заң ғылымдарының кандидаты, диссертация тақырыбы «Орталық Азия елдерінің ішкі істер органдарының ұйымдасқан қылмыспен және экстремизммен (терроризммен) күрестегі өзара іс-қимыл мәселелері» (2005)
Еңбек өтілі:
- Слесарь-сантехник СПМК (1978)
- Алматы облыстық атқару комитеті ІІБ ТИ-1 мекемесінің жасақ бастығы, ИТК-71 жедел бөлімінің инспекторы (1980-1984 )
- Қаскелең АІІБ ТҚБ жедел уәкілі, аға жедел уәкілі (1984-1988)
- Қаскелең кенттік милиция бөлімінің бастығы (1988-1989)
- Балқаш АІІБ бастығы (1989-1991)
- Қылмыстық милиция басқармасының бастығы, Алматы облысы ІІБ ТББ бастығы (1992-1994)
- Қаскелең АІІБ бастығы (1994-1995)
- Алматы облысы бойынша МТКБ бастығының орынбасары, Алматы облысы бойынша МТКД аса қауіпті қылмыстарды тергеу басқармасының бастығы (1995-1997)
- Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Криминалдық полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары (1997-2000)
- Алматы облысы ІІБ бастығы (05.2000-11.2003)
- Қазақстан Республикасының Ішкі істер Вице-министрі (11.2003-05.11.2008)
- Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Құқық қорғау жүйесі бөлімінің меңгерушісі (05.11.2008-08.2014)
- Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары (08.2014-12.2015)
- ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы төрағасының орынбасары (12.01.2016-09.2016)
- Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары (09.2016-12.2017)
- Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы
Басқа да лауазымдар:
- Қазақстан Республикасы құзға өрмелеу федерациясының президенті
- Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссияның мүшесі (03.2006 ж. бастап)
- Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы құқықтық саясат жөніндегі Кеңестің мүшесі (21.02.2018 бастап)
- Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі комиссия мүшесі (03.2018 бастап)
Мемлекеттік және халықаралық наградалары, сыйлықтары, құрметті атақтары:
- 2- дәрежелі «Даңқ» ордені (2005), 2-дәрежелі «Айбын» ордені (1999)
- медальдары
- Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің еңбек сіңірген қызметкері; Іле, Еңбекшіқазақ аудандарының және Алматы облысының Құрметті азаматы
- Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы жанындағы Құқық қорғау органдары Академиясының «Құрметті профессоры» (13.06.2018 ж. №45 бұйрық)
Әскери қызмет, әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер:
- СА қызметі (1975-1977)
- Полиция Генерал-майоры (2002)
- Полиция Генерал-лейтенанты (05.2019)