Серік Ғабдуллаұлы Темірболатов

Соңғы лауазымы: Қазақстан Республикасы Бас прокурорының аға көмекшісі

Туған күні: 13.01.1954

Туған жері: ҚазССР; Қарағанды қ.

Отбасы жағдайы, туыстық байланыстар:

  • Әйелі: Жантикина Әлия Мифтаховна (1955 ж. т.)
  • Балалар: қызы – Айнұр (1987 ж. т.)

Тілдерді білуі:

  • Қазақ, орыс

Білімі, мамандығы (біліктілігі), лицензиялары:

  • Е.А.Букетов Қарағанды мемлекеттік университеті, заң факультеті (1979), Құқықтану
  • Аға әділет кеңесшісі

Еңбек өтілі:

  • Сырлаушы, ЖД Орс базасының слесарі (1971)
  • Қарағанды облысы көлік прокурорының көмекшісі, Стажер (1979-1982)
  • Талдықорған облысы прокуратурасының тергеушісі (1982-1983)
  • Алматы көлік прокуратурасының бөлім прокуроры (1983-1984)
  • Тергеу басқармасының прокуроры, ерекше тапсырмалар жөніндегі көмекшісі, ҚазССР прокуратура бөлімінің бастығы (1984-1990)
  • ҚазКСР Президенті Аппараты мен Министрлер Кабинеті мемлекеттік-құқық бөлімінің консультанты, сектор меңгерушісі (1990-1991)
  • Қазақстан Республикасы Әділет Министрінің орынбасары (1991-1994 )
  • Қазақстан Республикасының Вице-Президенті Хатшылығының меңгерушісі (1994-1995)
  • Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясының төрағасы (01.1995-11.1995)
  • Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің Мүшесі (02.1996-04.1999)
  • Қазақстан Республикасының Нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрес жөніндегі агенттігі төрағасының орынбасары (03.1999-11.1999)
  • Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Жанындағы Сот әкімшілігі жөніндегі комитет төрағасының орынбасары (11.2000-07.2002)
  • Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры хатшылығының бастығы, Орталық өңірлік көлік прокуроры (07.2002-07.2007)
  • ҚР Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің аппарат басшысы (2012-2013)
  • Қазақстан Республикасы Бас прокурорының аға көмекшісі (2013 жылдан бастап)

Сайлаудағы депутаттық лауазымдары:

  • Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Депутаты (04.1999-11.1999)
  • «Нұр Отан» Халықтық-Демократиялық партиясының партиялық тізімі бойынша IV сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттығына Кандидат (12.07.2007), IV сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің хатшысы (2007-2009), заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі (09.2009 жылдан бастап) (27.08.2007-16.11.2011)

Партиялық тиістілігі:

  • «Нұр Отан» ХДП мүшесі, (12.2016)

Мемлекеттік және халықаралық наградалар, сыйлықтар, құрметті атақтар:

  • «Құрмет» Ордені (2005)
  • ІІ дәрежелі «Айбын» медальдары
  • Қазақстан Республикасы прокуратурасының құрметті қызметкері
  • Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының «құрметті профессоры» (2.07.2019 жылғы №51 бұйрық)

Ғылыми, әдеби еңбектері, жарияланымдары:

  • Мемлекет және құқық мәселелері бойынша баспасөзде бірқатар жарияланымдардың авторы

Әскери қызмет, әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер:

  •  Кеңес aрмиясының қызметі (1972-1974)