АҚШ Елшілігінің өкілімен кездесу

Құқық қорғау органдары академиясында Қазақстан Республикасындағы АҚШ Елшілігінің өкілдерімен кездесу өтті.

Іс-шараға Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының және Ішкі істер министрлігінің қызметкерлері қатысты. Америкалық делегацияны АҚШ Елшілігі жанындағы дипломатиялық қауіпсіздік қызметінің өкілі Ричард Хейс басқарды.

Кездесуге қатысушылар Қазақстан мен АҚШ-тың халықаралық қауіпсіздігін нығайтуды, қазіргі әлемдегі қауіп-қатерлерге қарсы күрес мәселелеріндегі құқықтық ынтымақтастығының жоғары деңгейін атап өтті.

Тараптар трансұлттық қылмысқа, терроризмге, экстремизмге, киберқауіпсіздікке және т. б. қарсы іс-қимыл аясындағы өзара іс-қимылдың басым бағыттары бойынша пікір алмасты.

Кездесу барысында сондай-ақ Қазақстанның құқық қорғау және арнайы органдары қызметкерлерінің біліктілігін арттыру саласындағы ынтымақтастықты одан әрі арттыру мәселелері талқыланды.

Қонақтар Академияның Ғылыми-білім беру қызметінің инновациялық әдістерімен, ЖОО-ның даму перспективаларымен танысты.