БАЙМАХАНОВ АРТУР АЛИШЕРҰЛЫ
Кафедра меңгерушісі
Әділет кеңесшісі, «Құқықтану» мамандығы бойынша PhD докторы
Ғылыми-педагогикалық қызмет тәжірибесі: 6 жыл.
Диссертация тақырыбы: «Кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамауды немесе тиісінше орындамауды тергеп-тексерудің және алдын алудың ұйымдық-құқықтық аспектілері».
Ғылыми қызығушылығы: қылмыстық құқық, криминалистика, криминология, қылмыстық-атқару құқығы, қылмыстық құқық бұзушылықтарды саралау мәселелері.
Ғылыми-зерттеу қызметі: 20-дан астам ғылыми жұмыстардың авторы.
Магистратурада және докторантурада келесі пәндер бойынша сабақтар өткізеді:
Преподаваемые дисциплины в магистратуре и докторантуре:
— Заманауи криминалистикадағы новеллалар;
— Криминалистиканың өзекті проблемалары;
— Кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігін қамтамасыз етудің проблемалары;
— Қазақстан Республикасының заңнамасын құқық қорғау қызметінде қолданудың теориясы мен практикасы;
— Жымқыруды тергеуді ұйымдастырудың ерекшеліктері;
— Қазақстан Республикасының қылмыстық қудалау органдарының теориясы мен практикасындағы жасырын тергеу әрекеттері;
— Қазақстан Республикасында прокурорлық қадағалауды жүзеге асырудың проблемалары.
ЕЩАНОВ АЛМАЗ ШҮКІРҰЛЫ
Профессор
Сынып дәрежесі: әділет аға кеңесшісі
Ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы, академиялық дәрежесі: заң ғылымдарының докторы, профессор
Ғылыми-педагогикалық жұмыс өтілі: 25 жыл.
Докторлық диссертациясының тақырыбы: «Қазақстан Республикасындағы қылмысқа алдын алу әсер ету механизмін жетілдіру мәселелері».
Ғылыми қызығушылықтары: құқық бұзушылықтың алдын алу, заң ғылымының әдістемелік мәселелері, құқық қорғау саласындағы ғылыми зерттеулерді жоспарлау және ұйымдастыру, мемлекеттік және құқық қорғау қызметін құқықтық және ұйымдастырушылық қамтамасыз ету.
Ғылыми-зерттеу қызметі: жарияланған 100-дан астам жұмысы бар.
Докторантурада оқытылатын пәндер:
— Заң ғылымдарының әдіснамалық проблемалары;
— Құқық қорғау саласында ғылыми зерттеулерді жоспарлау және жүргізу әдістемесі;
— Құқық саласындағы ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру мен жоспарлаудың заманауи тәсілдері;
-Қазақстан Республикасында мемлекеттік басқарудың және мемлекеттік қызметтің проблемалары.
ӘМІРХАНОВ РУСЛАН АЙТҚАЛИҰЛЫ
Доцент
Сынып дәрежесі: әділет кеңесшісі
Ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы, академиялық дәрежесі: заң ғылымдарының кандидаты
Ғылыми-педагогикалық жұмыс өтілі: 20 жыл
Кандидаттық диссертация тақырыбы: «Уголовно-правовые и криминологические проблемы борьбы с обманом потребителей» (12.00.08: қылмыстық құқық және криминология; қылмыстық-атқару құқығы мамандығы).
Ғылыми қызығушылықтар саласы: қылмыстық құқық, криминология, тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы құқықтық реттеу, жалпы құқық теориясының қазіргі мәселелері.
Ғылыми еңбектері: 25-тен астам ғылыми еңбектердің, соның ішінде «Жалпы құқық теориясының қазіргі проблемалары» атты оқу құралының авторы.
Магистратурада жәнедокторантурада оқытылатын пәндер:
— Құқық қорғау қызметінің жалпы теориясы;
— Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасын қолдану проблемалары;
— Қазақстан Республикасының заңнамасын құқық қорғау қызметінде қолданудың теориясы мен практикасы;
— Құқықтың жалпы теориясының заманауи проблемалары.
БАЙГАЛИЕВ АЛИБЕК БОЛАТОВИЧ
Доцент
Сынып дәрежесі: әділет кеңесшісі
Ғылыми-педагогикалық жұмыс өтілі: 6 жыл
Ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы, академиялық дәрежесі: Қазақстан Республикасы Бас прокуратура жанындағы құқық қорғау органдары академиясының, «Құқықтану» мамандығы бойынша PhD докторы, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының «мемлекеттік басқару» мамандығы бойынша магистр.
Докторлық диссертация тақырыбы: «Деонтологические основы правоохранительной деятельности прокуратуры Республики Казахстан».
Ғылыми қызығушылықтар саласы: құқық қорғау органдарындағы деонтология, құқық қорғау органдарының қылмыстық іс-жүргізу теориясының сұрақтары, қылмыстық іс-жүргізу кезінде адамның құқытары мен бостандықтарын, конститутциялық және процессуалдық кепілдіктерін іске асыру мәселесі.
Ғылыми еңбектері: 20-дан астам ғылыми еңбектері, «Деонтология в правоохранительной деятельности прокурора» монография авторы.
Магистратурада және докторантурада оқытылатын пәндер:
— Қазақстан Республикасының әкімшілік заңнамасын қолданудың проблемалары;
— Қазақстан Республикасында құқық қорғау қызметінің даму стратегиясы;
— Құқықтық деонтология;
— Қазақстан Республикасының әкімшілік құқығының заманауи проблемалары;
— Құқық қорғау органдары қызметкерлерінің этикасы мен қызметтік мінез-құлқын ұйымдық-құқықтық реттеу.
ҚҰМАРБЕКҚЫЗЫ ЖАНИЯ
Доцент
Сынып дәрежесі: әділет кеңесшісі
Ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы, академиялық дәрежесі: философия (PhD) докторы
Ғылыми-педагогикалық жұмыс өтілі: 8 жыл
Диссертация тақырыбы: «Сыбайлас жемқорлық және экономикалық қызмет саласындағы қылмыстар үшін тағайындалатын айыппұл және мүлікті тәркілеу жазалары».
Ғылыми қызығушылықтар саласы: Медиация, азаматтық құқық, отбасы құқығы, атқарушылық іс жүргізу.
Ғылыми-зерттеу қызметі: жарияланған 15-тен астам жұмысы бар
Монография авторы: «Сыбайлас жемқорлық және экономикалық қызмет саласындағы қылмыстар үшін тағайындалатын айыппұл мен мүлікті тәркілеу түріндегі жазаларды қолдануды жетілдіру мәселелері».
Магистратурада оқытылатын пәндер:
-«Қазақстан Республикасының заңнамасын құқық қорғау қызметінде қолданудың теориясы мен практикасы»;
— «Заң мен Тәртіп» қағидатын қамтамасыз етудің құқықтық және ұйымдастырушылық мәселелері»;
— «Азаматтық және азаматтық процестік заңнаманы қолданудың теориясы мен практикасы»;
— «Процестік қызметте медиацияны және қалпына келтіруші сот төрелігінің өзге де бағдарламаларын қолдану».
РАХМЕТОЛЛОВ АСҚАР ҚАНАТҰЛЫ
Доцент
Сынып дәрежесі: әділет кеңесшісі
Ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы, академиялық дәрежесі: философия (PhD) докторы
Ғылыми-педагогикалық жұмыс өтілі: 6 жыл
Диссертация тақырыбы: «Қазақстан Республикасында кәсіпкерлердің құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету жөніндегі құқық қорғау органдарының қызметі: мәселелер мен перспективалар»
Ғылыми қызығушылықтар саласы: кәсіпкерлік құқық, атқарушылық іс жүргізу, құқық бұзушылықтардың алдын-алу, оның ішінде мемлекеттік сатып алу және активтерді қайтару туралы заңнама саласында.
Ғылыми-зерттеу қызметі: жарияланған 30-дан астам жұмысы бар.
Магистратурада оқытылатын пәндер:
— Құқық қорғау органдарының инвесторлардың құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету жөніндегі қызметі;
— Процессуалдық қызметте медиацияны және сот төрелігін қалпына келтірудің басқа бағдарламаларын қолдану;
-Құқықтың жалпы теориясының заманауи проблемалары.
ЖУМАКАДР САИДА
Аға оқытушы
Сыныптық шені: әділет кеңесшісі
Ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы, академиялық дәрежесі: философия докторы (PhD)
Ғылыми-педагогикалық жұмыс өтілі: 3 жыл
Диссертация тақырыбы: «Бағалы металдар мен асыл тастардың, құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарларының заңсыз айналымына байланысты қылмыстарды тергеп-тексерудің теориялық және практикалық негіздері»
Ғылыми қызығушылық саласы: криминалистика, медиация, зияткерлік меншікті қорғау.
Ғылыми еңбектері: 10-нан астам жарияланған еңбегі бар.
Магистратурада оқытатын пәндері:
-Азаматтық және азаматтық процестік заңнаманы қолданудың теориясы мен практикасы;
-Заң және Тәртіп» қағидатын қамтамасыз етудің құқықтық және ұйымдастырушылық мәселелері;
-Қазақстан Республикасында кәсіпкерлердің құқықтарын қорғаудың институционалдық жүйесі;
-Қазақстан Республикасы әкімшілік құқығының қазіргі мәселелері.
СМАГУЛОВ ЖАСЛАН УНДРУСҰЛЫ
Аға оқытушы
Сыныптық шені: әділет кеңесшісі
Ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы, академиялық дәрежесі: философия докторы (PhD)
Ғылыми-педагогикалық жұмыс өтілі: 3 жыл
Диссертация тақырыбы: «Азаматтардың еңбек құқықтарының сақталуын
прокурорлық қадағалаудың ұйымдастырушылық-құқықтық негіздері»
Ғылыми қызығушылық саласы: прокурорлық қадағалау, құқық бұзушылықтардың профилактикасы, еңбек және әкімшілік құқық, әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнама, зияткерлік меншікті құқықтық қорғау.
Ғылыми еңбектері: 11-ден астам ғылыми еңбектің авторы.
Магистратурада оқытатын пәндері:
— Қазақстан Республикасы құқық қорғау органдарының қызметінде әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнаманы қолдану мәселелері;
— Құқық қорғау органдарының қызметінде Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің нормаларын қолдану мәселелері;
— Құқық бұзушылықтардың профилактикасы бойынша құқық қорғау органдары қызметінің құқықтық және ұйымдастырушылық аспектілері.