Академияда жас прокурорларды оқытудың кезекті курстары басталды

Sorry, this entry is only available in Kazakh and Russian.

Академия қабырғасында прокуратура қызметкерлерін алғашқы арнайы оқыту курстары басталды.
Оқу бағдарламасы құқық қолдану тәжірибесінің қажеттілігін және қолданыстағы заңнаманың өзгеруін ескере отырып әзірленген.
Оқыту жас мамандардың жалпы салалық, жазбаша, коммуникативтік, ақпараттық және кәсіби құзыреттілігін дамытуға бағытталған.
Курстың жеке модульдері жеке даму мәселелеріне арналған, оның аясында тәжірибелі сарапшылар шешендік шеберлік, көшбасшылық және басқа да жеке қасиеттерді жетілдіру бойынша тренингтер өткізеді.
Оқыту форматы практикалық бағдарлауды және қадағалау жұмысының қажетті білімі мен дағдыларын барынша меңгеруді қамтамасыз етуге арналған.