Экономикалық тергеулер саласындағы мамандар оқытудан өтуде

Sorry, this entry is only available in Kazakh and Russian.

Академияда Экономикалық тергеу саласындағы мамандар үшін біліктілікті арттыру курстары аяқталды.

Оқыту қажеттілігі қылмыстық заңнамадағы жаңашылдықтармен байланысты, осыған сәйкес маманның қорытындысы сотқа дейінгі іс жүргізудегі дәлелдемелердің бірі деп танылды.

Тренинг бағдарламасы ЭТҚ орталық аппаратымен бірлесіп әзірленді. Оқыту экономикалық және тауартану зерттеулерін жүргізу саласында кәсіби білім мен арнайы дағдыларды жетілдіруге, осы бағыттағы жұмыстың тиімділігін арттыруға бағытталған.

Курс бағдарламасына дәлелдерді жинау және зерттеу, соның ішінде ғылыми-техникалық құралдар мен әдістерді қолдана отырып тәжірибелік сұрақтар енгізілген.

Сабақты Экономикалық тергеу қызметі мен Әділет министрлігінің тәжірибелік қызметкерлері жүргізді.

Оқу қорытындысы бойынша дөңгелек үстел өтіп, талқыланған тақырыптың проблемалық мәселелері талқыланды.