Академияда баспасөз-туры

Sorry, this entry is only available in Kazakh and Russian.

2019 жылғы 3 қазанда Бас прокуратура жанындағы Құқық қорғау органдары академиясында бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне баспасөз туры өтті.

Іс-шара журналисттерге жемісті ынтымақтастық пен өзара түсіністік, жоғарғы оқу орнының қызметін объективті жариялағы үшін алғыс ретінде ұйымдастырылды.

Кездесу аясында Академия қызметкерлері қонақтарға оқу орнының негізгі локацияларының жұмыс тәртібін қысқаша айтып берді.

Олардың ішінде лингафондық кабинеттің функциялары бар мультимедиялық сынып, оның бағдарламалық қамтамасыз етілуі оқытушыға сыныпты бөлуге және оларға суреттер, аудио және бейне файлдар түрінде топтық тапсырмалар жіберуге, сондай-ақ топтық және жеке жауаптар қабылдауға мүмкіндік береді.

Тілшілер сот отырыстарының оқу залындағы симуляциялық жаттығулар процесімен танысты (сот процестеріне имитация жасау). Мұнда сот процестері тек бірінші сатыдағы соттарда ғана емес, сонымен қатар апелляция мен кассацияда талқылауының сатыларынан өткен нақты қылмыстық істердің негізінде ұйымдастырылады.

Күдіктілер тобының құжаттарын тексеруден, кепілдікке алудан, қарулы адамдарды әртүрлі жерлерде залалсыздандыруға дейін мүмкіндік беретін интерактивті жауынгерлік тир жұмысы көрсетілді.

«Офис-бухгалтерия», «жауап алу және тану кабинеті», «тұрғын бөлме», «астыртын цех» оқу сыныбы мен 4 бөлмеден тұратын жедел-тергеу жұмыстарының желісі бойынша оқу полигоны көрсетілді.

Ғылыми-білім беру үдерісінің сапасына мониторинг және бақылау жасау қалай жүзеге асырылатынын айтылып, көрсетілді.

Баспасөз турының бағдарламасына халықаралық кездесулер залы, спорт, акт, оқу залдары, кітапхана және басқа да локациялар кірді.

Жалпы журналисттерге ЖОО-ның қызметінің барлық бағыттары бойынша толық ақпарат ұсынылды.

Іс-шара соңында Академияның өкілдері журналисттерге Академия үшін маңызды оқиғаларды шынайы жариялағаны және өзара ынтымақтастығы үшін алғысын білдіріп, шығармашылық шабыт, жаңа идеялар мен жобаларды табысты іске асыруын тіледі.