Қылмыстық статистика мен пробациялық бақылаудың «аномальдық» көрсеткіштерін анықтау әдістемесі

Авторлар ұжымы: Жумагали А., Карипова А. Т., Омаров Е. А., Шоткин Б. Ж., Әлімқұлов Н. С., Казбекова А. Б.

Әдістеме қылмыстық құқық бұзушылық оқиғаларының ықтимал бұрмалануын, сондай-ақ қылмыстық қудалау және пробациялық бақылау органдарының есепке алу-тіркеу тәртібін бұзушылықтарды анықтау алгоритмін сипаттайды. Әдістеме мәліметтерді қысқа уақыт ішінде оnline режимінде әрі қарай тексеру жүргізу үшін ақпараттық технологиялардың мүмкіндіктерін пайдалана отырып салыстыруға мүмкіндік береді.

Практикадағы прокурорларға, құқық қорғау органдарының талдау-бақылау бөлімшелерінің қызметкерлеріне, сондай-ақ ғалымдарға арналған.