БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМА

28 маусымда ғылыми қоғамдастықтың, сондай-ақ Бас прокуратура, ішкі істер, қаржы министрліктері, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі өкілдерінің қатысуымен Академияның Ғылыми-әдістемелік кеңесінің (бұдан әрі — ҒӘК) отырысы өтті.

Ғылыми-әдістемелік кеңес отырыснда 2018 жылғы ведомствоаралық ғылыми – зерттеу жұмыстарының нәтижелері, сондай-ақ құқық қорғау саласындағы ғылымның перспективалары талқыланды.

Отырысты аша отырып, ҒӘК Төрағасы — Академия ректоры Ерғали Мерзадинов заңдылықты қамтамасыз етуде және қылмысқа қарсы күресте ведомстволық ғылымның рөлін күшейтудің маңыздылығын атап өтті. «Құқық қолдану тәжірибесін ғылыми-аналитикалық қамтамасыз ету құқық қорғау құрылымдары жұмысының тиімділігін арттырудың маңызды шарты болып табылады», — деп атап айтты.

ҒӘК мүшелерінің қарауында 2019 жылғы 6 ведомствоаралық ғылыми зерттеулердің аралық есептері ұсынылды:

— «Кәсіпкерлердің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды күшейту мәселелері»;

— ««Жеке өмірге қол сұғылмаушылық» ұғымын анықтаудың ғылыми негізделген тәсілдерін әзірлеу»»;

— «Қылмыс қылмыстық теріс қылықтар мен әкімшілік құқық бұзушылықтардың қоғамдық қауіптілік дәрежесі мен өзге де критерийлерін негізге ала отырып, олардың ұғымдарын нақтылау және оларды ажырату жөніндегі ғылыми-құқықтық тәсілдерді әзірлеу»;

— «Сотқа дейінгі тергеудің процессуалдық шығындарды есептеу әдістемесі»;

— «Қылмыс қудалау: сотқа дейінгі тергеу органдары мен прокурордың өкілеттігін ажырату»;

— «Интернет-ресурстар мен мобильді қосымшалардың көмегімен таратылатын есірткі құралдарының, психотроптық заттардың, олардың ұқсастарын, прекурсорлардың заңсыз айналымына қарсы іс-қимыл».

ҒӘК мүшелері аталған тақырыптардың өзектілігі мен қажеттілігін, нормативтік, нормошығармашылық, құқық қолдану және білім беру саласына нәтижелерді енгізу қажеттігін атап өтті.

Құқық қорғау саласындағы ведомствоаралық ғылымның алдағы перспективалары туралы мәселе талқыланды.