Арнайы прокурорлар оқытудан өтті

Sorry, this entry is only available in Kazakh and Russian.

Құқық қорғау органдары академиясындаарнайы прокурорлар үшін апталық біліктіліктіарттыру курстары өткізілді.

Оқыту арнайы прокурорлардың сотқа дейінгітергеу жүргізу ерекшеліктерін қарауға арналған.

Бір апта ішінде тыңдаушылар сыбайлас жемқорлыққа және экономикалық қызмет саласындағы қылмыстарға байланысты күрделі және өзекті қылмыстық істерді тергеу ерекшеліктерін зерттеді.

Сондай-ақ, қылмыстық процесте қолданылатын қазіргі заманғы ақпараттық-коммуникациялық технологиялар бойынша сабақтар өткізілді.

Білім беруге Академияның профессорлық-оқытушылық құрамы және Бас прокуратураның тәжірибелі практиктері тартылды.

Курс қорытындысы бойынша тыңдаушылармен дөңгелек үстел өткізілді, онда практикада кездесетін проблемалық мәселелер талқыланды. ​