Аумақтық прокуратура қызметкерлерінің біліктілігін арттыру курстары

Sorry, this entry is only available in Kazakh and Russian.

Бас Прокурордың қылмыстық істер бойынша сот актілерінің заңдылығын қадағалауды күшейту туралы тапсырмасын іске асыру шеңберінде Академияда мемлекеттік айыптауды қолдауды жүзеге асыратын аумақтық прокуратура қызметкерлерінің біліктілігін арттыру курстары өткізілді.

Дәрістер мен тренингтер тыңдаушылардың қылмыстық сот ісін жүргізудегі мемлекеттің мүддесін білдіруі мен қадағалауды жүзеге асыруға қажетті терең кәсіби білімдерін қалыптастыруға бағытталған.

Оқыту форматы практикалық бағдарлауды және қажетті біліктілік пен дағдыларды барынша меңгеруді қамтамасыз етуге арналған.

Екі апта бойы мемлекеттік айыптауды қолдау, сот актілерінің заңдылығын зерделеу бойынша тактикалық тәсілдер меңгерілді. Көпшілік алдында сөйлеу дағдыларын жетілдіру мақсатында шешендік шеберлік бойынша тренингтер өткізілді.

Тренингтер нақты міндеттер мен жағдайларды талқылаумен, өткен материалдарды практикалық мысалдарда пысықтау және бекіту жүзінде өтті.   Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитеті базасында қадағалау қызметінде қолданылатын қазіргі заманғы ақпараттық жүйелер игерілді.

Сондай-ақ есірткі құралдарының заңсыз айналымы, жеке тұлғаға қарсы және жалған сөз тасу қылмыстары саласында сот процестерін имитациялау бойынша сабақтар өткізілді. Төрешілер ретінде Жоғарғы Сот жанындағы Сот төрелігі академиясының магистранттары сөз сөйледі.

Оқыту іс-шараларының қорытындысы бойынша Бас прокуратура мен Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті өкілдерінің қатысуымен дөңгелек үстел өтті, онда қадағалау тәжірибесінің өзекті мәселелері талқыланды.