«Заң мен тәртіп»: Академия магистранттары Esil University студенттерімен кездесті

Интернет-алаяқтардан қалай қорғануға, қылмыстық схемаларға қатысушы болмауға және құмар ойындарға байланысты қауіп-қатерлерден сақтануға болады? Осы және жастар үшін өзекті басқа да мәселелерді Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының магистранттары Esil University студенттерімен талқылады.

Ағартушылық кездесу «Заң мен Тәртіп» конституциялық қағидатын іске асыру, жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру және құқық бұзушылықтарға төзбеушілік көзқарасын қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылды.

Магистранттар тергеу және прокурорлық қадағалау тәжірибесінен нақты мысалдар келтіре отырып, киберқылмысқа, дропперлікке және синтетикалық есірткінің таралуына қарсы іс-қимыл, сондай-ақ құмар ойындарға қатысудың қауіп-қатерлері туралы айтып берді.

Ашық диалог барысында студенттер цифрлық ортада өз құқықтарын қорғау, Академияға оқуға түсу және білім алу шарттары, прокуратура органдарындағы кәсіби өсу мүмкіндіктері туралы сұрақтарына жауап алды.

Кездесу қорытындысында қатысушылар жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру жұмыстарының маңызын атап өтіп, жоғары оқу орындары арасындағы ынтымақтастықты одан әрі дамытуға дайын екендерін білдірді.

Құқық қорғау органдары
академиясының баспасөз қызметі
Телефон:
+7 (778) 555-25-15
Email:
7340114@prokuror.gov.kz