Бас прокуратураның жанындағы Құқық қорғау органдары академиясында қылмыстық жазалардың орындалу заңдылығын прокурорлық қадағалау, қайталама қылмыстардың алдын алу және сотталғандарды ресоциализациялау мәселелері бойынша біліктілікті арттыру курсы аяқталды.
16-20 қараша аралығында өткен оқу курсына Бас прокуратураның, Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің өкілдері және шақырылған мамандар қатысты.
Тыңдаушылар қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде заңдылықты қамтамасыз ету, сотталғандардың құқықтарын қорғау, криминалдық субмәдениеттің ықпалына қарсы іс-қимыл жасау және қылмыстың қайталануының алдын алу мәселелерін зерделеді.
Сотталғандармен жұмыс істеудің психологиялық ерекшеліктеріне, олардың мінез-құлқындағы тәуекел факторларын анықтауға және бостандыққа шыққаннан кейін қоғамға әлеуметтік бейімделу тетіктерін жетілдіруге ерекше назар аударылды.
Курстың практикалық бөлімінде құқық қолдану тәжірибесі, нақты жағдайлар мен прокурорлық қадағалаудың өзекті мәселелері талданды. Оқыту құқық қорғау органдары қызметкерлерінің кәсіби құзыреттері мен практикалық дағдыларын жетілдіруге бағытталды.
Құқық қорғау органдары
академиясының баспасөз қызметі
Телефон: +7 (778) 555-25-15
Email: 7340114@prokuror.gov.kz



