Академияда «Заң мен Тәртіп» қағидатын іске асыру мәселелеріне арналған халықаралық конференция аяқталды


«Қазіргі құқықтық жүйедегі «Заң мен Тәртіп» конституциялық қағидаты: сын-қатерлер, инновациялар және шешімдер» тақырыбындағы Бас Прокурор ашқан халықаралық ғылыми-практикалық конференция өз жұмысын Құқық қорғау органдары академиясының алаңында жалғастырды.

Іс-шараның екінші күні адами капиталды дамыту, ведомстволық білім беруді жаңғырту және кадрларды кәсіби даярлау сапасын арттыру мәселелеріне арналды.

Панельдік сессияның модераторы Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының орынбасары Асхат Жұмағали болды. Ол ведомстволық оқыту жүйесін жетілдірудің негізгі бағыттарын айқындай отырып, мамандардың даярлық деңгейі құқық қорғау қызметінің тиімділігін айқындайтын маңызды факторлардың бірі екенін атап өтті.

Талқылауға Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрі, Қауіпсіздік Кеңесі Аппаратының, Жоғары Сот Кеңесінің өкілдері, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Ішкі істер және Қорғаныс министрліктеріакадемияларының, сондай-ақ Ресей Федерациясы, Түркия Республикасы, Өзбекстан Республикасы, Қырғыз Республикасы және Әзербайжан Республикасы академияларының, Италияның Жоғары сот төрелігі мектебінің, Еуропалық құқық және басқару университетінің басшылығы қатысты.

Отырыс барысында оқу процесін цифрландыру, ғылым мен практиканы интеграциялау, заманауи білім беру технологияларын енгізу мәселелері қаралды. Конференцияның практикалық бөлігінде Академия магистранттары мен докторанттарының жол қауіпсіздігі, тергеу процестерін цифрландыру, қаржылық талдау және жасөспірімдерді интернет-қатерлерден қорғау салаларындағы әзірлемелері таныстырылды.

Сарапшылық талқылау қорытындысы бойынша кәсіби білім беру сапасын арттыруға, заманауи цифрлық шешімдерді енгізуге, сондай-ақ халықаралық және ведомствоаралық ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған ұсынымдар әзірленді.

Өткізілген конференция озық тәжірибе алмасуға, өзекті сын-қатерлерді талқылауға және құқық қорғау органдары үшін кадрлар даярлау жүйесін жетілдірудің бірлескен тәсілдерін әзірлеуге арналған маңызды алаңға айналды.