Академия магистранттары халықаралық ғылыми конференцияға қатысты

Бас прокуратураның жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының магистранттары ЮНЕСКО-ның қолдауымен ұйымдастырылған «Орталық Азия елдерінің орнықты дамуы жолындағы ғылым, деректер және болжам жасау» атты халықаралық конференцияға қатысты.

Академия атынан Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру институтының әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының доценті Зарина Калмурзина қатысты. Білім алушылардың конференцияға қатысуы «Ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру» пәні аясында ұйымдастырылды.

Іс-шараға Орталық Азия елдерінің мемлекеттік органдарының, халықаралық ұйымдардың, ғылыми және сарапшылық қоғамдастықтың өкілдері қатысты. Конференцияда ғылымды дамыту, жасанды интеллект пен цифрлық технологияларды қолдану, климаттың өзгеруі, стратегиялық болжау және басқарушылық шешімдер қабылдау кезінде ғылыми деректерді пайдалану мәселелері талқыланды.

Конференция магистранттарға қазіргі ғылыми үрдістермен және халықаралық ғылыми қоғамдастықтың тәжірибесімен танысуға, сондай-ақ өзекті қоғамдық үдерістерді зерттеуде ғылыми тәсілдерді қолдану жөніндегі білімдерін кеңейтуге мүмкіндік берді.