Академияда жергілікті басқару жүйесін реформалау мәселелері бойынша ашық сабақ өтті

Бас прокуратураның жанындағы Құқық қорғау органдары академиясында «Жергілікті басқару органдары жүйесін реформалау: тәжірибе, проблемалар және даму перспективалары» тақырыбында ашық сабақ өтті.

Сабақты Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру институтының жалпы заң пәндері кафедрасының профессоры, заң ғылымдарының докторы Алмаз Ещанов өткізді.

Тақырыптың өзектілігі Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2026 жылғы 28 қазандағы «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауында белгіленген міндеттермен сабақтас. Президент мемлекеттік басқаруды дамудың жаңа стратегиясы негізінде реформалау және Үкіметтен бастап ауыл әкімдеріне дейінгі барлық деңгейдегі басқару жүйесін қайта құру қажеттігін атап өтті.

Сабақ барысында докторанттар Қазақстандағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару жүйесін реформалау тәжірибесін зерделеп, билік деңгейлері арасындағы өкілеттіктерді бөлу мәселелері мен жергілікті басқаруды одан әрі дамыту перспективаларын талқылады.

Құқық қорғау органдары
академиясының баспасөз қызметі
Телефон:
+7 (778) 555-25-15
Email:
7340114@prokuror.gov.kz