Академияда Республика күніне орай салтанатты іс-шара өтті

Бас прокуратураның жанындағы Құқық қорғау органдары академиясында Республика күніне орай салтанатты іс-шара өтті.

Салтанатты рәсім барысында Академия қызметкерлеріне құрмет грамоталары мен ректордың грамоталары табысталып, алғыс жарияланды. Докторанттарға философия докторы (PhD) дәрежесінің дипломдары беріліп, курсанттар арасында өткен ғылыми-практикалық мақалалар конкурсының жеңімпаздары дипломдармен марапатталды.

Мерекелік бағдарламада Академия қызметкерлері мен алғашқы кәсіптік даярлықтан өтіп жатқан курсанттар өнер көрсетті. Олар Отанға, ел тарихына және ұлттық құндылықтарға арналған патриоттық әндер орындап, шығармашылық қойылымдар ұсынды.

Іс-шара мемлекеттік құндылықтардың маңызын, ұрпақтар сабақтастығын және заңдылықты нығайту мен елді дамытуға әрбір азаматтың қосатын үлесін айқындады.