Қазақстанның егемендік тарихы Академиядағы дәрістің тақырыбына айналды

Бас прокуратураның жанындағы Құқық қорғау органдары академиясында Қазақстан Республикасының күні қарсаңында Қазақстанның егемендікке жету жолына арналған ашық дәріс өтті. Қатысушылар тәуелсіздік алудың алғышарттары мен Қазақ КСР-нің мемлекеттік егемендігі туралы Декларацияның маңызын талқылады.

Дәріске Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті тарих факультеті деканының ғылыми жұмыс жөніндегі орынбасары, тарих ғылымдарының кандидаты, доцент Нұргүл Мұхаметжанова шақырылды. Іс-шараға Академияның Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру институтының бірінші және екінші курс магистранттары қатысты.

Дәрісте Қазақ КСР-інің мемлекеттік егемендігі туралы Декларацияның тәуелсіз мемлекеттің құқықтық негіздерін қалыптастырудағы маңызы, ұлттық мемлекеттілік дәстүрлерінің сабақтастығы және Қазақстан дамуының негізгі кезеңдері сөз болды.

Осындай кездесулер болашақ құқық қорғау органдары қызметкерлерінің тарихи танымын кеңейтіп, патриотизмді нығайтуға, азаматтардың құқықтарын қорғау мен құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуге жауапкершілікпен қарауды қалыптастыруға ықпал етеді.