Буллинг, интернеттегі алаяқтық және құқыққа қайшы әрекеттерге тартылу тәуекелдері Қосшы қаласындағы №2 орта мектеп оқушыларымен Бас прокуратураның жанындағы Құқық қорғау органдары академиясы магистранттарының кездесуінде негізгі тақырыптар болды.
Мектеп оқушыларына «закладчик» (есірткі жасырушы) және «дроппер» ретінде әрекет еткені үшін жауаптылық, сондай-ақ әлеуметтік желілер мен мессенджерлердегі оңай жолмен ақша табу туралы ұсыныстардың тәуекелдері түсіндірілді. Сонымен қатар нашақорлықтың алдын алу және интернеттегі қауіпсіз мінез-құлық мәселелері талқыланды.
Оқушыларға банк деректерін, құпиясөздерді, SMS арқылы келетін кодтарды және жеке ақпаратты қорғау, күмәнді сілтемелерге өтпеу, сондай-ақ бейтаныс адамдардың ұсыныстарына мұқият қарау қажеттігі ескертілді.
Ашық пікірталас барысында мектеп оқушылары сұрақтар қойып, практикалық жағдайларды талқылады. Магистранттар буллинг, алаяқтық және құқыққа қайшы әрекеттерге тарту жағдайларында не істеу керектігін түсіндіріп, көмек алу үшін қайда жүгіну қажет екенін айтты.
Кездесудің бұл форматы құқықтық білімді жасөспірімдердің күнделікті өмірде кездесуі мүмкін жағдайлармен байланыстыруға мүмкіндік берді.
