Абай идеялары және заманауи өмір салты: Академияда семинар-тренинг өтті

Бас прокуратураның жанындағы Құқық қорғау органдары академиясында өткен «Толық адам» ілімі: ұлттық құндылықтар мен заманауи көзқарас» атты семинар-тренингте Абай философиясы заманауи тұрғыдан талқыланды. «Толық адам» қағидаттарын күнделікті өмірде қалай жүзеге асыруға болатыны туралы велосаяхатшы Ернат Рахметолла айтып берді.

Ағылшын тілі пәнінің оқытушысы, аудармашы және журналист Ернат Рахметолла велошерулер ұйымдастыру бойынша Қазақстанның үш дүркін рекордшысы. Ол велосипедпен Қазақстанды толық аралап, Абай шығармашылығын және экологиялық өмір салтын насихаттап келеді.

Кездесу барысында ұлттық құндылықтар, өзін-өзі жетілдіру және салауатты өмір салты мәселелері талқыланды. Қатысушылар спикерге сұрақтар қойып, ұлы ойшылдың идеяларын күнделікті өмірде қалай жүзеге асыруға болатыны туралы пікір алмасты.

Құқық қорғау органдары
академиясының баспасөз қызметі
Телефон:
+7 (778) 555-25-15
Email:
7340114@prokuror.gov.kz