Қазақстан мен Өзбекстан академиялары цифрлық ынтымақтастықты дамытуда

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясы мен Өзбекстан Республикасының Құқық қорғау академиясы Ташкент қаласында цифрлық ынтымақтастықтың жаңа бағыттарын айқындады.

Тараптар осыған дейін өткізілген іс-шаралардың нәтижелерін қарастырып, бірлескен оқыту, ғылыми өзара іс-қимыл және құқық қорғау қызметіне цифрлық шешімдерді енгізу мәселелерін талқылады.

Келіссөздер барысында білім беру процесінде және ғылыми қызметте цифрлық құралдарды қолдану, сондай-ақ киберқылмыстарды тергеп-тексеру және цифрлық криминалистика бойынша мамандар даярлау тәжірибесімен алмасты.

Кездесу қорытындысы бойынша одан әрі өзара іс-қимылдың перспективалы бағыттары, оның ішінде бірлескен білім беру, ғылыми және технологиялық жобаларды іске асыру мәселелері айқындалды.

Құқық қорғау органдары
академиясының баспасөз қызметі
Телефон:
+7 (778) 555-25-15
Email:
7340114@prokuror.gov.kz