Қаржылық тергеп-тексеру органдарына кадрлар даярлау және олардың біліктілігін арттыру бойынша Академияның тәжірибесі Ташкент қаласында өткен ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің Салықтық (қаржылық) тергеп-тексеру органдары басшыларының үйлестіру кеңесінің (СТОБҮК) XXV отырысында таныстырылды. Академия отырысқа осы бағыттағы ТМД-ның базалық ұйымы ретінде қатысты.
Отырыс барысында Әзербайжан, Армения, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан және Өзбекстан өкілдері экономикалық және қаржылық қылмыстарға қарсы іс-қимыл тәжірибесімен алмасты. Профильді органдардың жұмысындағы қылмыстық қызметтің заманауи схемаларына, цифрлық технологиялар мен IT-шешімдерге ерекше назар аударылды.
Академия атынан Аппарат басшысы Данияр Сыздықов қатысты. Өз сөзінде ол қаржылық тергеп-тексеру органдары қызметкерлерін даярлау және олардың біліктілігін арттыру, ғылыми-зерттеу жұмыстары, сондай-ақ білім беру процесіне цифрлық шешімдерді енгізу бағыттары туралы баяндады.
Отырыстың қорытындысы бойынша СТОБҮК қызметінің алдағы бағыттары айқындалды. Кеңеске төрағалық ету Армения Республикасынан Өзбекстан Республикасына өтті.
Құқық қорғау органдары
академиясының баспасөз қызметі
Телефон: +7 (778) 555-25-15
Email: 7340114@prokuror.gov.kz



