Команданы қалай тиімді басқаруға, сындарлы өзара іс-қимылды құруға және жоғары жүктеме жағдайында кәсіби тұрақтылықты сақтауға болады? Осы және өзге де мәселелер Қазақстан Республикасының прокуратура және Қаржылық мониторинг агенттігінің қызметкерлеріне арналған Құқық қорғау органдарының академиясы жүргізген біліктілікті арттыру бағдарламасының негізгі тақырыптары болды.
2026 жылғы 21-25 қыркүйек аралығында тыңдаушылар қызметкерлермен жұмыс істеудің заманауи тәсілдерін, көшбасшылық пен эмоционалдық интеллектті, сондай-ақ кәсіби күйзелістің алдын алудың практикалық құралдарын зерделеді.
Бағдарлама аясында құқық қорғау қызметі туралы заңнамадағы өзекті өзгерістер, жасанды интеллектіні қолдану, мүдделер қақтығысы мен декларациялау мәселелері, сындарлы коммуникация және жанжалдарды басқару тәсілдері де қарастырылды.
Алынған білім мен практикалық дағдылар басқарушылық құзыреттерді жетілдіруге және құқық қорғау саласындағы адам ресурстарымен жұмыс істеудің заманауи тәсілдерін дамытуға бағытталды.





