2026 жылғы « » ___ № ___
Қазақстан Республикасы
Бас прокуратурасының жанындағы құқық қорғау
органдары академиясы ректорының бұйрығымен бекітілген
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БАС ПРОКУРАТУРАСЫНЫҢ ЖАНЫНДАҒЫ ҚҰҚЫҚ ҚОРҒАУ ОРГАНДАРЫ АКАДЕМИЯСЫНЫҢ 2026–2030 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН ҒЫЛЫМИ ҚЫЗМЕТТІ ДАМЫТУ БАҒДАРЛАМАСЫ
Қосшы, 2026
Кіріспе
Бағдарламаның құқықтық негізін Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының «Прокуратура туралы» Конституциялық заңы, Қазақстан Республикасының «Ғылым және технологиялық саясат туралы» және «Білім туралы» заңдары, Қазақстан Республикасында жоғары білім мен ғылымды дамытудың тұжырымдамасы, Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2024 жылғы 3 қазандағы №474 бұйрығымен бекітілген Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарына «зерттеу университеті» мәртебесін беру қағидалары мен өлшемшарттары, сондай-ақ ғылым, білім беру және құқық қорғау қызметі саласындағы өзге де нормативтік құқықтық актілер мен стратегиялық құжаттар құрайды.
Бағдарламаны әзірлеу кезінде ғылымды дамытудың стратегиялық бағыттары, құқық қорғау жүйесін жаңғырту міндеттері, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының (бұдан әрі – Академия) құқық қорғау қызметі саласындағы ведомствоаралық ғылыми зерттеулерді үйлестіруді және жүргізуді жүзеге асыратын ұйым ретіндегі ерекше мәртебесі ескерілді.
Осы Бағдарлама Академия ғылымын дамытудың 2026–2030 жылдарға арналған негізгі бағыттарын айқындайды және оның Қазақстан Республикасы құқық қорғау жүйесінің жетекші ведомствоаралық ғылыми-талдамалық орталығы ретіндегі рөлін нығайтуға бағытталған. Академия мемлекеттік құқық қорғау саясатын ғылыми сүйемелдеуді, заңдылықты, құқықтық тәртіп пен ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері бойынша ғылыми негізделген шешімдерді әзірлеуді, сондай-ақ Академияның барлық құрылымдық бөлімшелерінің қызметінің негізі болып табылатын ғылымды, білім беруді және құқық қорғау практикасын интеграциялауды қамтамасыз етеді.
Ғылыми қызметті үйлестіруді Академияның Ведомствоаралық ғылыми-зерттеу институты жүзеге асырады. Институт құқық қорғау саласындағы ғылыми басымдықтардың бірыңғай жүйесін қалыптастыруды, ғылыми зерттеулерді ұйымдастыруды және сүйемелдеуді, халықаралық ғылыми ынтымақтастықты дамытуды, сондай-ақ Академияның ғылыми қызметінің нәтижелілігіне ағымдағы мониторинг жүргізуді қамтамасыз етеді.
Академияның Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру институты ғылыми кадрларды даярлауды, ғылыми мектептер дамытуды, сондай-ақ магистранттар мен докторанттарды ғылыми қызметке тартуды қамтамасыз етеді.
Академияның Кәсіптік оқыту институты ғылыми зерттеулер нәтижелерін құқық қорғау органдары кадрларын бастапқы даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру бағдарламаларына енгізеді, сондай-ақ кәсіптік даярлауды жетілдіру мәселелері бойынша қолданбалы зерттеулер жүргізеді.
Академияның Қазіргі замандағы сын-қатерлерге қарсы іс-қимыл және цифрлық технологияларды енгізу орталығы (Институт құқығында) құқық қорғау қызметін цифрландыру, жасанды интеллект пен үлкен деректерді (Big Data) қолдану, құқық қорғау аналитикасы және ғылыми-технологиялық дамудың өзге де перспективалық бағыттары саласында зерттеулер жүргізеді.
Академияның ғылыми қызметін үйлестіру ғылыми жобаларды жоспарлауды, сүйемелдеуді, мониторингтеуді және бағалауды, жарияланымдық белсенділікті есепке алуды, зерттеу нәтижелерін енгізуді мониторингтеуді, ғылыми кадрларды даярлауды сүйемелдеуді және ғылым саласындағы талдамалық есептілікті қалыптастыруды қамтамасыз ететін «Зерттеуші» ақпараттық жүйесін енгізу арқылы институционалдандырылады.
Зерттеушілік құзыреттерді дамытудың тұрақты жүйесін қалыптастыру мақсатында Академияның Ведомствоаралық ғылыми-зерттеу институтында ғылыми зерттеулер әдіснамасы, академиялық жазу, жарияланымдық қызмет, гранттық өтінімдерді дайындау, зерттеу нәтижелерін коммерцияландыру және ғылыми қызметте заманауи цифрлық технологияларды қолдану мәселелері бойынша ғылыми қызметкерлерге, профессорлық-оқытушылық құрамға, магистранттар мен докторанттарға әдістемелік, білім беру және консультациялық қолдау көрсететін Ғылыми даму мектебі жұмыс істейді.
- Академия ғылымының қазіргі жай-күйін талдау
Академия базалық ғылыми-білім беру инфрақұрылымын қалыптастырды және құқық қорғау қызметі саласында ведомствоаралық ғылыми орталықтың функцияларын орындайды.
Академияның ғылыми қызметі зерттеулердің құқық қолдану практикасының қажеттіліктерімен тікелей байланысы қағидатына негізделген.
Ведомствоаралық ғылыми зерттеулер тақырыптарының күн тәртібі құқық қорғау және мемлекеттік органдардың қажеттіліктері негізінде қалыптастырылады. Академияға жыл сайын құқық қолдану қызметінің өзекті мәселелері бойынша ұсыныстар келіп түседі. Ғылыми зерттеулерді іріктеу және бекіту Қазақстан Республикасы Парламентінің, құқық қорғау органдарының, ғылыми қоғамдастықтың өкілдері, сондай-ақ ведомстволық жоғары оқу орындарының басшылары мен қоғам қайраткерлері кіретін Ғылыми-әдістемелік кеңесте жүзеге асырылады.
Ғылыми қызметтің практикалық маңыздылығы ғылыми әзірлемелерді енгізу нәтижелерімен расталады. Ведомствоаралық ғылыми-зерттеу институты 145 зерттеу жүргізді, оның ішінде 50 ведомствоаралық және 95 қолданбалы зерттеу. 86 ғылыми еңбек пен 369 ғылыми мақала дайындалды. Ғылыми зерттеулердің нәтижелері заңдар мен өзге де нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуде, құқық қолдану практикасын жетілдіруде, әдістемелік құжаттарды дайындауда қолданылып келеді, сондай-ақ білім беру процесінде және құқық қорғау органдарының қызметінде пайдаланылады.
Құқық қолдану қызметінің материалдарына, прокурорлық қадағалау нәтижелеріне, тергеу және сот практикасына қолжетімділіктің болуы заңнаманы, құқық қолдану практикасын және заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік басқару тетіктерін жетілдіру жөнінде ғылыми негізделген ұсыныстар әзірлеуге мүмкіндік береді.
Академияның қалыптасқан ғылыми әлеуеті мен ерекше мәртебесіне қарамастан, ғылыми қызметті одан әрі дамыту қажеттілігі сақталуда. Ғылыми мектептерді нығайту, халықаралық ынтымақтастықты кеңейту, жарияланымдық белсенділікті арттыру және зерттеу инфрақұрылымын дамыту талап етіледі. Ғылыми зерттеулер нәтижелерін практикаға енгізу және ғылыми қызмет нәтижелерін коммерцияландыру мәселелері өзекті болып қала береді.
Сонымен қатар ғылымды дамыту құқық қорғау жүйесінің цифрлық трансформациясы, киберқауіптердің өсуі, жасанды интеллект пен үлкен деректер технологияларының кеңінен енгізілуі жағдайында жүзеге асырылуда. Қосымша сын-қатер ретінде құқық қорғау жүйесінде жүргізіліп жатқан реформаларды ғылыми сүйемелдеу қажеттілігі болып табылады.
Қазіргі заманғы сын-қатерлердің кешенді сипаты құқық қорғау қызметі саласында ғылыми негізделген әрі практикада сұранысқа ие шешімдерді әзірлеу үшін мемлекеттік органдар мен білім беру ұйымдарының ғылыми әлеуетін шоғырландыруды талап етеді.
- Бағдарламаның стратегиялық мақсаты Академияны мемлекеттік құқық қорғау саясатын ғылыми сүйемелдеуді, ғылымның, білім берудің және практиканың интеграциясын, ведомствоаралық ғылыми зерттеулерді үйлестіруді, құқық қорғау практикасы сұранысқа ие ғылыми, талдамалық және цифрлық шешімдерді әзірлеу мен енгізуді қамтамасыз ететін құқық қорғау жүйесінің жетекші ғылыми-білім беру, зерттеу және сараптамалық-талдамалық орталығына трансформациялау, сондай-ақ ғылыми, инновациялық, кадрлық, инфрақұрылымдық және халықаралық қызметтің жоғары деңгейіне қол жеткізу болып табылады.
- Негізгі міндеттер:
3.1. Құқық қорғау қызметінің өзекті мәселелері бойынша зерттеулер жүргізу, заңнаманы және құқық қолдану практикасын жетілдіруге бағытталған ғылыми негізделген ұсыныстар әзірлеу, практикалық қолдануға арналған қолданбалы талдамалық өнімдерді, цифрлық шешімдерді және ғылыми қызметтің өзге де нәтижелерін жасау.
3.2. Академияны құқық қорғау саласындағы ғылыми зерттеулерді үйлестіретін ведомствоаралық орталық ретінде дамыту, ғылыми басымдықтардың бірыңғай жүйесін қалыптастыру, құқық қорғау органдары қызметін ғылыми-сараптамалық сүйемелдеуді қамтамасыз ету және ғылыми қызметті басқару тетіктерін жетілдіру.
3.3. Ғылыми инфрақұрылымды жетілдіру, «Зерттеуші» ақпараттық жүйесін енгізу және дамыту, жасанды интеллект пен үлкен деректер технологияларын қолдану.
3.4. Құқық қорғау қызметі саласындағы ғылыми мектептерді дамыту, ғылыми кадрларды даярлау, ғылыми қызметкерлер мен профессорлық-оқытушылық құрамның зерттеушілік құзыреттерін арттыру, магистранттар мен докторанттарды ғылыми қызметке тарту.
3.5. Халықаралық ғылыми ынтымақтастықты, жарияланымдық белсенділікті және халықаралық зерттеу жобаларына қатысуды дамыту.
3.6. Сыртқы қаржыландыруды тарту және ғылыми қызмет нәтижелерін коммерцияландыруды дамыту.
- Басым бағыттар
4.1. Құқық қорғау қызметін және мемлекеттік құқық қорғау саясатын ғылыми қамтамасыз ету
Құқық қорғау органдарының қызметін жетілдіруге, прокурорлық қадағалау тетіктерін дамытуға, құқық қорғау қызметін үйлестіруге, адам құқықтары мен бостандықтарын қорғауға, сондай-ақ құқық қорғау саласындағы мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттыруға бағытталған тәжірибеге бағдарланған ғылыми зерттеулер жүргізу.
Ғылыми зерттеулер әкімшілік, қылмыстық, қылмыстық-процестік және қылмыстық-атқару заңнамасын жетілдіруге, сотқа дейінгі тергеп-тексерудің заңдылығын, сот бақылауын және қылмыстық жазаларды орындауды қамтамасыз етуге, ұйымдасқан және трансұлттық қылмысқа, сыбайлас жемқорлыққа, экстремизмге, терроризмге, киберқылмысқа және ұлттық қауіпсіздікке төнетін өзге де қатерлерге қарсы іс-қимыл мәселелеріне бағытталады.
4.2. Ғылыми және құқық қорғау қызметін цифрлық трансформациялау
Құқық қорғау қызметін цифрландыру және жасанды интеллектіні (ЖИ) қолдану саласында қолданбалы зерттеулер жүргізу: цифрлық қылмыстық сот ісін жүргізу, цифрлық криминалистика, электрондық дәлелдемелер, цифрлық прокурорлық қадағалау, құқық қорғау аналитикасы, OSINT, ақпараттық жүйелер, цифрлық платформалар және құқық қорғау қызметінің тиімділігін арттыруға бағытталған өзге де технологиялар.
Басымдық ғылыми зерттеулердің тәжірибеге бағдарлануын арттыруды және зерттеу нәтижелеріне негізделген тиімді басқарушылық шешімдер қабылдауды қамтамасыз ететін қолданбалы цифрлық зерттеу құралдарын, талдамалық шешімдер мен технологияларды әзірлеу және енгізуге беріледі.
4.3. Халықаралық ғылыми ынтымақтастық және әлемдік ғылыми кеңістікке интеграциялану
Халықаралық зерттеу жобаларын, сараптамалық алаңдарды және ғылыми әріптестікті дамыту. Халықаралық ғылыми басылымдардағы жарияланымдық белсенділікті арттыру, халықаралық ғылыми бірлескен авторлықты және академиялық ұтқырлықты дамыту. Ғылыми қызметті ұйымдастырудың және ғылыми кадрларды даярлаудың үздік шетелдік тәжірибелерін зерделеу және енгізу.
4.4. Ғылыми қызмет нәтижелерін коммерцияландыру
Ғылыми қызмет нәтижелерін мемлекеттік және құқық қорғау органдарының практикасына енгізу тетіктерін әзірлеу, инновациялық қызметті дамыту, зияткерлік меншік объектілерін құру, сыртқы қаржыландыруды тарту, гранттық және бағдарламалық-нысаналы зерттеулерді орындау, сондай-ақ ғылыми зерттеулер нәтижелерін коммерцияландыру тетіктерін дамыту.
4.5. Академияның ғылыми әлеуетін дамыту
Ғылыми мектептер мен зерттеу ұжымдарын дамытуға, ғылыми кадрларды даярлауға, ғылымды ұйымдастырудың заманауи әдістерін енгізуге, ғылыми инфрақұрылымды дамытуға, халықаралық ғылыми ынтымақтастықты кеңейтуге, ғылыми қызмет нәтижелерін коммерцияландыруға және ғылыми әзірлемелерді практикаға енгізуге бағытталған зерттеулер жүргізу.
- Бағдарламаны іске асырудан күтілетін нәтижелері мен кезеңдері
Бағдарламаны іске асыру нәтижесінде Академия құқық қорғау жүйесінің жетекші ведомствоаралық ғылыми-талдамалық орталығы ретіндегі ұстанымын нығайтады, ғылыми зерттеулерді үйлестіруді және мемлекеттік құқық қорғау саясатын ғылыми сүйемелдеуді қамтамасыз етеді.
Ғылымның, білім берудің және құқық қорғау қызметінің тұрақты интеграциясы қамтамасыз етіледі, зерттеу нәтижелерін құқық қорғау органдарының практикалық қызметіне және білім беру процесіне енгізу кеңейтіледі.
Ғылыми мектептер нығаяды, ғылыми кадрларды даярлау сапасы мен ғылыми зерттеулердің практикаға бағдарлануы артады. Жасанды интеллект технологияларын және үлкен деректерді талдау құралдарын қолдануға негізделген заманауи цифрлық зерттеу ортасы қалыптасады.
Халықаралық ғылыми ынтымақтастық кеңейеді, жарияланымдық белсенділік артады, ғылыми зерттеулерді сыртқы қаржыландыру көлемі ұлғаяды және ғылыми қызмет нәтижелерін коммерцияландыру дамиды.
Ғылыми зерттеулер құқық қорғау практикасы сұранысқа ие ғылыми, талдамалық, әдістемелік және цифрлық шешімдерді әзірлеуге бағдарланады. Жалпы алғанда, ғылыми, инновациялық, кадрлық, инфрақұрылымдық және халықаралық қызметтің Қазақстан Республикасы зерттеу университетінің критерийлеріне сәйкес келетін деңгейіне қол жеткізіледі.
I — кезең (2026–2027 жылдар) – ғылымды дамытудың институционалдық негізін қалыптастыру
Бірінші кезеңде ғылыми қызметті басқару жүйесін жетілдіру, құқық қорғау органдарының қажеттіліктеріне бағдарланған бірыңғай ведомствоаралық ғылыми күн тәртібін қалыптастыру, ғылыми зерттеулерді үйлестіру тетіктерін дамыту, ғылымның кадрлық әлеуетін нығайту, ғылыми инфрақұрылымды жаңғырту және ғылыми қызметті басқарудың цифрлық құралдарын енгізу көзделеді.
II — кезең (2028–2029 жылдар) – ғылыми экожүйені дамыту және зерттеулердің нәтижелілігін арттыру
Екінші кезеңде зерттеу қызметін кеңейту, ведомствоаралық зерттеулерді дамыту, ғылыми қызмет нәтижелерін құқық қолдану практикасына және білім беру процесіне енгізу, халықаралық ғылыми ынтымақтастықты, цифрлық зерттеу ортасын және зерттеу нәтижелерін коммерцияландыру тетіктерін дамыту көзделеді.
III — кезең (2030 жыл) – ғылымды дамытудың нысаналы параметрлеріне қол жеткізу
Қорытынды кезеңде қол жеткізілген нәтижелерді бекіту, Академияның ғылыми жүйесінің тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз ету және ғылыми, инновациялық, кадрлық, инфрақұрылымдық және халықаралық қызмет көрсеткіштерін зерттеу ұйымдарына қойылатын заманауи талаптарға сәйкес деңгейге жеткізу (1-Қосымша) көзделеді.
Ғылыми қызметті дамыту бағдарламасының
1-қосымшасы
Бағдарламаны іске асыру нәтижелілігін бағалау үшін мынадай нысаналы көрсеткіштер белгіленеді (оң динамика[1]):
| № | Көрсеткіш | 2026 | 2027 | 2028 | 2029 | 2030 | ||||
| 1-бағыт. Құқық қорғау қызметін және мемлекеттік құқық қорғау саясатын ғылыми қамтамасыз ету. | ||||||||||
| 1 | Құқық қолданудың өзекті мәселелері бойынша ведомствоаралық ғылыми зерттеулердің саны, оның ішінде әскери, арнаулы, құқық қорғау және өзге де мемлекеттік органдардың тапсырыстары бойынша орындалатын | 8 | 9 | 10 | 11 | кемінде 12 зерттеу | ||||
| 2 | Нәтижелері практикаға енгізілген аяқталған қолданбалы зерттеулердің үлесі, % | 20 | 30 | 40 | 50 | 60 | ||||
| 2-бағыт. «Зерттеуші» АЖ арқылы ғылыми және құқық қорғау қызметін цифрлық трансформациялау. | ||||||||||
| 3 | «Зерттеуші» АЖ арқылы жүзеге асырылатын ғылыми процестердің үлесі, % | 20 | 50 | 70 | 90 | 100 | ||||
| 4 | «Зерттеуші» АЖ пайдаланушылар саны | 100 | 150 | 200 | 250 | кемінде 300 пайдаланушы | ||||
| 5 | Технологиялық дайындық деңгейіне (TRL) бағалау жүргізілген аяқталған қолданбалы зерттеулердің үлесі, % | 20 | 40 | 60 | 80 | 100 | ||||
| 3-бағыт. Халықаралық ғылыми ынтымақтастық және әлемдік ғылыми кеңістікке интеграциялану. | ||||||||||
| 6 | Scopus дерекқорында индекстелетін, процентилі 35 және одан жоғары, сондай-ақ Web of Science дерекқорына кіретін басылымдардағы жарияланымдар саны | 2 | 3 | 4 | 5 | кемінде 6 жарияланым | ||||
| 7 | Web of Science Core Collection дерекқорында (Arts and Humanities Citation Index, Social Sciences Citation Index бөлімдері) индекстелетін ғылыми журналдардағы халықаралық бірлескен авторлықтағы жарияланымдар саны | 1 | 2 | 3 | 4 | кемінде 5 жарияланым | ||||
| 8 | Академияның ғылыми жарияланымдарының дәйексөз келтіру индексі | +5% | +10% | +15% | +20% | +25% | ||||
| 9 | Академия қызметкерлері қатысқан халықаралық ғылыми іс-шаралардың саны | 3 | 4 | 5 | 6 | кемінде 7
іс-шара |
||||
| 10 | Шетелдік ұйымдармен ғылыми ынтымақтастық туралы қолданыстағы келісімдердің саны | +1 | +2 | +3 | +4 | +5 | ||||
| 4-бағыт. Ғылыми қызмет нәтижелерін коммерцияландыру | ||||||||||
| 11 | Аяқталған ғылыми жобалардың саны (ҒЗЖ, гранттық, БНҚ және шарттық зерттеулер) | 1 | 2 | 3 | 4 | 5 | ||||
| 12 | Ғылыми зерттеулерге тартылған сыртқы қаржыландыру көлемі (гранттар, БНҚ, шарттық зерттеулер) | +10% | +20% | +30% | +40% | +50% | ||||
| 5-басым бағыт. Академияның ғылыми әлеуетін дамыту | ||||||||||
| 13 | Ғылыми даму мектебі өткізген іс-шаралар саны | 2 | 4 | 7 | 8 | кемінде 10
іс-шара |
||||
| 14 | ҒжЖБСҚК ұсынған басылымдарда соңғы 5 жылда кемінде 5 жарияланымы бар ғылыми қызметкерлер мен ПОҚ үлесі, % | 20 | 40 | 60 | 80 | 100 | ||||
| 15 | Ғылыми зерттеулерге қатысатын ғылыми-педагогикалық қызметкерлердің үлесі, % | 20 | 30 | 40 | 50 | 60 | ||||
| 16 | Ғылыми-зерттеу қызметіне тартылған магистранттар мен докторанттардың үлесі, % | 20 | 30 | 40 | 50 | 60 | ||||
| 17 | Ғылыми даму мектебі іс-шараларына қатысушылар саны | 20 | 40 | 60 | 90 | кемінде 120 қатысушы | ||||
| 18 | Қолданыстағы ғылыми мектептердің саны | 1 | 2 | 3 | 5 | кемінде 5 ғылыми мектеп | ||||
Бағдарламаны іске асырудың қорытынды интегралдық көрсеткіші Академияның 2030 жылға қарай ғылыми, инновациялық және зерттеу қызметінің Қазақстан Республикасының зерттеу университеттеріне қойылатын критерийлер мен талаптарға сәйкес келу деңгейіне қол жеткізуі болып табылады.
Ғылыми қызметті дамыту бағдарламасының
2-қосымшасы
Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының
2026–2030 жылдарға арналған ғылыми қызметті дамыту бағдарламасын
іске асыру жоспары
| № | Іс-шара | Орындау мерзімі | Жауапты орындаушылар | Аяқталу нысаны |
| 1-бағыт. Құқық қорғау қызметін және мемлекеттік құқық қорғау саясатын ғылыми қамтамасыз ету. | ||||
| 1. | Құқық қорғау органдарының Ғылыми-әдістемелік кеңесін Құқық қорғау органдарының ғылыми және білім беру қызметі жөніндегі ведомствоаралық кеңеске трансформациялау | 2026 жылғы
III — тоқсан |
2-Институт | Бірлескен бұйрық |
| 2. | Құқық қорғау саласының ғылыми басымдықтарының жоспарын қалыптастыру | Жыл сайын,
I — тоқсан |
2-Институт | Ғылыми және білім беру қызметі жөніндегі ведомствоаралық кеңестің шешімі |
| 3. | Құқық қолданудың өзекті мәселелері бойынша ведомствоаралық ғылыми зерттеулер жүргізу, оның ішінде әскери, арнаулы, құқық қорғау және өзге де мемлекеттік органдардың тапсырыстары бойынша ғылыми зерттеулерді іске асыру | Жыл сайын,
IV — тоқсан |
2-Институт | ҒЗЖ туралы есеп, Ректорға қызметтік жазба |
| 4. | Жекелеген ғылыми жобалар бойынша зерттеу топтарын қалыптастыру | Жыл сайын,
IV — тоқсан |
2 (жинақтау), 1,3,4-Институттар | Зерттеу тобының құрамы, Ректорға қызметтік жазба |
| 5. | Құқық қорғау органдары үшін ғылыми-талдамалық материалдар дайындау | Жыл бойы | 2 (жинақтау), 1,3,4-Институттар | Талдамалық анықтама, құқықтық ұстаным, ұсыным |
| 6. | Зерттеу нәтижелерін құқық қорғау органдарының практикалық қызметіне және заң шығару қызметіне енгізу | Жыл сайын,
IV — тоқсан |
2 (жинақтау), 1,3,4-Институттар | Енгізу актісі,
Ректорға қызметтік жазба |
| 7. | Зерттеу нәтижелерін білім беру процесіне енгізу | Жыл сайын,
IV — тоқсан |
2 (жинақтау), 1,3,4-Институттар | Енгізу актісі,
Ректорға қызметтік жазба |
| 2-бағыт. «Зерттеуші» АЖ арқылы ғылыми және құқық қорғау қызметін цифрлық трансформациялау. | ||||
| 8. | Ғылыми зерттеулер нәтижелерін TRL шкаласы бойынша бағалау жүйесін енгізу | 2026 жылғы
IV — тоқсан |
2-Институт,
4-Басқарма |
Бұйрық, енгізу актісі |
| 9. | Ғылыми қызметке жасанды интеллект технологиялары мен үлкен деректерді (Big Data) талдау құралдарын енгізу | 2026–2030 жылдар,
IV — тоқсан |
2 (жинақтау), 1,3,4-Институттар,
4- Басқарма |
Енгізу актісі,
Ректордың атына қызметтік жазба |
| 10. | Ғылыми зерттеулер нәтижелерінің дерекқорын қалыптастыру | 2027 жылғы
IV — тоқсан |
2-Институт,
4- Басқарма |
Электрондық тізілім |
| 11. | «Зерттеуші» АЖ пайдаланушылар базасын дамыту және кеңейту | Жыл сайын,
IV- тоқсан |
2-Институт,
4- Басқарма |
Енгізу актісі,
Ректордың атына қызметтік жазба |
| 3-бағыт. Халықаралық ғылыми ынтымақтастық және әлемдік ғылыми кеңістікке интеграциялану. | ||||
| 12. | Халықаралық ғылыми жобалар мен зерттеу желілеріне қатысу | Жыл сайын,
IV — тоқсан |
2 (жинақтау), 1,3,4-Институттар | Есеп, қатысу сертификаты, Ректордың атына қызметтік жазба |
| 13. | Академияның Халықаралық құқық қорғау ғылыми форумын өткізу | Жыл сайын,
IV — тоқсан |
2-Институт, Академияның құрылымдық бөлімшелері | Форум материалдарының жинағы,
Ректордың атына қызметтік жазба |
| 14. | Академиялық ұтқырлықты және шетелдік ғылыми тағылымдамаларды дамыту | Жыл сайын,
IV — тоқсан |
Халықаралық ынтымақтастық басқармасы, 1, 2, 3, 4-Институттар | Тағылымдамадан
өту туралы есеп, Ректордың атына қызметтік жазба |
| 15. | Scopus (35 және одан жоғары процентиль) және Web of Science дерекқорларында индекстелетін ғылыми басылымдарда мақалалар дайындау және жариялау | Жыл сайын,
IV — тоқсан |
2 (жинақтау), 1,3,4-Институттар,
РБҚБ |
Жарияланған мақала, Ректордың атына қызметтік жазба |
| 16. | Халықаралық ғылыми бірлескен авторлықты дамыту және Web of Science Core Collection дерекқорында индекстелетін журналдарда шетелдік зерттеушілермен бірлескен жарияланымдар дайындау | Жыл сайын,
IV — тоқсан |
Халықаралық ынтымақтастық басқармасы,
1, 2, 3, 4-Институттар |
Халықаралық бірлескен авторлықтағы
жарияланған мақала, Ректордың атына қызметтік жазба |
| 4-бағыт. Ғылыми қызмет нәтижелерін коммерцияландыру | ||||
| 17. | Гранттық және бағдарламалық-нысаналы қаржыландыруға өтінімдер дайындау | Жыл сайын,
I — тоқсан |
2 (жинақтау),
1,3,4-Институттар |
Берілген өтінім |
| 18. | Гранттық, бағдарламалық-нысаналы және шарттық ғылыми зерттеулерді орындау | Жеке жоспарға сәйкес | 2 (жинақтау),
1,3,4-Институттар |
Жоба бойынша есеп |
| 19. | Зияткерлік меншік объектілерін құру және сүйемелдеу | Жыл сайын,
IV — тоқсан |
2 (жинақтау),
1,3,4-Институттар |
Зияткерлік меншік объектісі, енгізу актісі |
| 5-басым бағыт. Академияның ғылыми әлеуетін дамыту | ||||
| 20. | Ғылыми даму мектебін трансформациялау және дамыту | 2027 жылғы
I — тоқсан |
2-Институт | Ректордың бұйрығы |
| 21. | Академия қызметкерлерінің зерттеушілік құзыреттерін дамыту (зерттеу әдіснамасы, академиялық жазу, жарияланымдық қызмет, гранттық қаржыландыру, коммерцияландыру) | Жыл сайын,
IV — тоқсан |
2 (жинақтау),
1,3,4-Институттар |
Оқыту бағдарламасы, сертификат |
| 22. | Ғылыми мектептерді дамыту | 2026–2030 жылдар,
IV — тоқсан |
2 (жинақтау),
1,3,4-Институттар |
Ғылыми мектептердің тізілімі, Ректордың атына қызметтік жазба |
| 23. | ПОҚ, магистранттар мен докторанттарды ғылыми-зерттеу қызметіне тарту | 2026–2030 жылдар,
IV — тоқсан |
2 (жинақтау),
1,3,4-Институттар |
Есеп,
Ректордың атына қызметтік жазба |
| 24. | ҒжЖБСҚК ұсынған басылымдарда ғылыми мақалаларды жариялау. | Жыл сайын,
IV — тоқсан |
3-Басқарма (жинақтау), 1,2,3,4-Институттар, | Ректордың атына қызметтік жазба,
жарияланған мақала, |
| 25. | Ғылыми зерханаларды құру мәселесін пысықтау | Жеке жоспарға сәйкес | 2-Институт | Ректордың атына қызметтік жазба |
| 26. | Бағдарламаның іске асырылуына мониторинг жүргізу және Академия ғылымының жай-күйі туралы жыл сайынғы баяндаманы дайындау | Жыл сайын,
IV — тоқсан |
2-Институт,
3-Басқарма |
Есеп,
Ректордың атына қызметтік жазба |
Қысқартулар мен анықтамалар:
Академия – Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясы;
Ректор – Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының ректоры;
1-Институт – Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының Кәсіби оқыту институты;
2-Институт – Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының Ведомствоаралық ғылыми-зерттеу институты;
3-Институт – Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру институты;
4-Институт — Қазіргі замандағы сын-қатерлерге қарсы іс-қимыл және цифрлық технологияларды енгізу орталығы (Институт құқығында)
3- Басқарма – Управление мониторинга и оценки качества образования и науки
4-Басқарма – Ақпараттық-коммуникациялық жүйені дамыту және сүйемелдеу жөніндегі басқарма
1-Бөлім — Редакциялық-баспа қызметі бөлімі
АЖ – ақпараттық жүйе
БНҚ — бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру
ҒжЖБСҚК – Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым және жоғары білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті;
ҒЗЖ – ғылыми зерттеу жұмысы
ПОҚ – Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының профессорлық-оқытушылық құрамы;
TRL — Technology Readiness Level.
_______________
[1] Ескерту: «Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарына «зерттеу университеті» мәртебесін беру қағидалары мен өлшемшарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2024 жылғы 3 қазандағы № 474 бұйрығы негізінде