Оқудан практикалық шешімдерге: Академия мен Астана прокуратурасы құқық бұзушылықтардың профилактикасына жаңа тәсіл қалыптастырды

Астана қаласы прокуратурасының «ProLab» зертханасы құқық қорғау қызметінің өзекті міндеттерін шешуге бағытталған ғылыми әзірлемелерді талқылау алаңына айналды. Бас прокуратураның жанындағы Құқық қорғау органдары академиясы қылмысқа қарсы іс-қимылдың заманауи бағыттары бойынша жүргізілген ведомствоаралық зерттеулердің нәтижелерін таныстырды.

Назарда ұшқышсыз ұшу аппараттарын (ҰҰА) пайдалану арқылы жасалатын қылмыстарды тергеп-тексеру, ҚК-нің 232-1-бабында көзделген дропперлікке қарсы іс-қимыл, киберқылмыстарды қылмыстық-құқықтық реттеу, сондай-ақ криминологиялық тәуекелдер мен көші-қон ағындарын цифрлық бақылау мәселелері болды.

Зерттеу нәтижелері бойынша Академия құқық қорғау органдары қызметкерлеріне арналған әдістемелік ұсынымдарды әзірледі. Кездесу барысында құқық қолдану практикасындағы проблемалық мәселелер, ұсынымдарды апробациялау нәтижелері және оларды одан әрі қолдану мүмкіндіктері қаралды.

Кездесу ғылым өкілдері мен практикалық қызметкерлер арасында тікелей диалог орнатып, ведомствоаралық өзара іс-қимылды одан әрі дамытудың бағыттарын айқындауға мүмкіндік берді.

Академия қолданбалы зерттеулерді дамытуды және олардың нәтижелерін құқық қорғау қызметіне енгізуді жалғастыруда.

Құқық қорғау органдары
академиясының баспасөз қызметі
Телефон: +7 (778) 555-25-15
Email: 7340114@prokuror.gov.kz