2026 жылғы 21 қыркүйекте Астана қаласы прокуратурасының алаңында Құқық қорғау органдары академиясы Астанадағы ЕҚЫҰ Бағдарламалар офисінің қолдауымен ұйымдастырған «Құқық бұзушылықтардың профилактикасы жүйесін өңірлік деңгейде басқару: ведомствоаралық өзара іс-қимыл және үйлестіру» тақырыбындағы үш күндік семинар-тренингтің қорытындысы бойынша кеңес өтті.
Оның жұмысына Астана қаласының прокуроры Ғабит Мұқанов, Құқық қорғау органдары академиясының ректоры Нұрғалым Әбдіров, сондай-ақ Астана қаласындағы профилактика субъектілерінің негізгі органдарының басшылары мен өкілдері қатысты.
Кеңесте үш күндік оқытудың нәтижелері таныстырылды. Оның барысында қатысушылар ведомствоаралық өзара іс-қимыл, үйлестіру және жобалық басқару бағыттарындағы кәсіби құзыреттерін арттырып, кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасын жетілдіру бойынша нақты шараларды бірлесіп әзірледі.
Семинар-тренингтің практикалық нәтижесі қатысушылардың Академияның әдістемелік сүйемелдеуімен және Астанадағы ЕҚЫҰ Бағдарламалар офисінің консультанты Эльмира Хисамутдинованың сараптамалық қолдауымен әзірлеген «Заң мен тәртіп – Адал азамат жолы» практикалық жобасы болды.
Жоба, ең алдымен, кәмелетке толмағандарға қатысты құқық бұзушылықтардың жасалуына ықпал ететін себептер мен жағдайларды жоюға бағытталған. Оны іске асыру профилактика субъектілерінің үйлесімді жұмысын қамтамасыз етуге, ведомствоаралық өзара іс-қимылды күшейтуге, сондай-ақ қабылданып жатқан шаралардың тиімділігін өлшенетін көрсеткіштер негізінде бағалауға бағытталған.
Кеңестің қорытындысы бойынша «Заң мен тәртіп – Адал азамат жолы» жобасы мақұлданып, оны Астана қаласы прокуратурасының құқық бұзушылықтардың профилактикасы жөніндегі құқық қорғау органдарының Үйлестіру кеңесінде қабылдауға ұсыну туралы шешім қабылданды.
Құқық қорғау органдары
академиясының баспасөз қызметі
Телефон: +7 (778) 555-25-15
Email: 7340114@prokuror.gov.kz


